Облыстық этномәдени бірлестіктері арасында мемлекеттік тілде патриоттық әндер фестивалі-байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕСІ

Толығырақ...

536 Рухани келісім күніне орай облыстық Достық үйінде кәріс мәдениетінің кеші өтті. Оған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, этномәдени бірлестіктері жастар қанатының көшбасшылары және қала тұрғындары келіп қатысты. 

КСРО-ның көптеген халықтары сияқты, өткен ғасырдың 30-жылдарында кәрістердің бір бөлігі Қазақстанға күштеп көшірілді. Қазіргі таңда елімізді жүз мыңнан аса кәріс ұлтының өкілдері мекендейді. Депортация және соғыс жылдары оларға да ауыр тиді. Бұған қарамастан, олар беделін түсірмей қиыншылықтан сәтті өтті, өз мәдениетін сақтай алды. Тәуелсіз Қазақстанның бой көтеруі әрі Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы кәріс диаспорасының қайта жаңғыруына жол ашты.

Толығырақ...

519 Қазанның 19 жұлдызында  Достық үйінде  Қ.Даржұман ат. Ұлттық жаңғыру мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған «Einschulungsfest-2014» мерекесі өтті. Мереке ұйымдастырушылары  Павлодар облыстық «Возрождение» Павлодар облыстық немістер одағы мен «Ленц» неміс  жастары одағы болды.

Толығырақ...

486 2014 жылғы шілде айында Екібастұз қаласында «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мега-жобасы өз жұмысын бастаған болатын. Оған мұрындық болған Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалы мен облыстық Достық үйі.

Осы күннен бастап «Достық туы» биікке өрлеп «Достық эстафетасы» ауданнан ауданға беріліп келеді.

Мега-жоба аясында көптеген іс-шаралар өткізілді. Олар: ауыл мен аудан жұртшылығының этномәдени бірлестіктер төрағаларымен, шығармашылық ұжым қатысушыларымен кездесуі, дөңгелек үстелдер, көптеген көрмелер, концерттер, тіпті жаңа этномәдени бірлестіктердің ашылуы. Барлығы халықтың үлкен қызығушылығын тудырды. Мега-жоба шараларына жанұясымен бірге келушілер көбейді.

Толығырақ...