515 Қазанның   он алтыншы жұлдызында  «Қазақстан мұсылман әйелдер лигасының  облыстың филиалының төрайымы Максилова Бақытжамал Шаханқызы мен Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған лицейдің жоғары сынып оқушылары Набережное және Чернорец ауылдарына барып қайтты. Шара барысында ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларына дәрістер оқылды. «Зияткер ұрпақ», «Қазақстанның этносаясаты» мәселелерін талқылады.

Толығырақ...

453Қазанның 8-ші жұлдызында Железин ауданына Павлодар облысының Қазақстан халқы ассамблеясы филиалының мүшелері «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» Мега – проекті аясында барып келді. Бұл күні Қазақстан халық ассамблея төрағасының орынбасары Жетпісбаев Сейсембай Калижанұлының басшылығымен Железин ауданына Павлодар қаласынан үлкен делегация қонаққа келген болатын.

Аудан әкімі Абушахманов Қабиболла Аманұлы мен аудандық этномәдени бірлестіктері мүшелерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел барысында көптеген сұрақтар талқыланып, тәжірибе алмасты.

Толығырақ...

443 Қазанның төртінші жұлдызында облыстық достық үйінің «Достық» концерттік залында Татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Яшьлек бит ул бер генэ» атты татар әнінің кеші өтті. Казаньнің эстрада әншілері мен Петропавл қаласынан арнайы татар әндерін орындаушы атақты әншілері келіп көрермен қауымды едәуір қуантты. Өз өнерлерін халыққа сыйлағандар – Ильдар Сисанбаев, Петропавл қаласынының татар әндерін орындаушы, Азат Фазлыев, Рузиля Хайруддинова сынды – Казань қаласының  татар әндерін орындаушылары.

Әр әртіс өзінің даусымен, ән орындау ерекшелігімен көзге түсті. Әншілер тек өлең айтып қана емес, онымен қатар би билеп, кішігірім ойын-сауықтар өткізіп, қалжыңдап, көрерменді қуантты. Көрермен қауым әр әнді мұқият тыңдап, әртістері едәуір қолдаушылық көрсетіп, мәз –мейрам болып,к ішігірім сыйлықтарын сыйлап, аса көтеріңкі көңілмен концерттен шықты. Павлодарға арнайы шақырумен келген әртістер мейірімділіктерімен әрі қарапайымдылықтарымен көрермен қауымның көңілінен шықты.

Толығырақ...

429 30 қыркүйете Баянауыл ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандық филиалының ашылу салтанаты өтті. Шара Майқайын кентінің мәдениет үйінің сахынасында ұйымдастырылды.

Шараға Баянауыл ауданының әкімі Ернұр Нұрмұханұлы Әйткенов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев, аудандық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ, шығармашылық ұжымдар қатысты. 200-ден астам Майқайын кентінің тұрғыны ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамсана қабылдады. Олар үшін «Славяночка», «Ялкын» вокалдық топтары мен «Айналайын» сынды би ұжымдарының өнерпаздары өнерлерін көрсетті. Зауреханым Искакқызы өзбек халқының «Наманганның алмасы» атты әнін айтып берді. Этомәдени бірлестіктердің белсенділері алғыс хаттармен марапатталды.

Толығырақ...

338 Дәстүрлі «Бір отбасында тұрамыз - 2014» атты жазғы этникалық мәдениеттер фестивалі аяқталды. Қала күніне орайластырылған бұл ауқымды шараның жабылу салтанаты қалалық мәдени-демалыс саябағында 13-ші қыркүйек күні өтті. 

Үш айдың ішінде облыстық этномәдени бірлестіктері жамағатты өздерінің мәдениетімен таныстырды. Концерттерінде олар салт-дәстүрлері, тілі, ойындары, ас мәдениеті жөнінде сөз етті.  Фестиваль аясында Жасыл святкалар, Орыс қайыңының мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой, Қауын мейрамы секілді өздерінің ұлттық мерекелерін де көпшілікпен өткізіп үлгерді.

Толығырақ...