536

  Рухани келісім күніне орай облыстық Достық үйінде кәріс мәдениетінің кеші өтті. Оған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, этномәдени бірлестіктері жастар қанатының көшбасшылары және қала тұрғындары келіп қатысты. 

КСРО-ның көптеген халықтары сияқты, өткен ғасырдың 30-жылдарында кәрістердің бір бөлігі Қазақстанға күштеп көшірілді. Қазіргі таңда елімізді жүз мыңнан аса кәріс ұлтының өкілдері мекендейді. Депортация және соғыс жылдары оларға да ауыр тиді. Бұған қарамастан, олар беделін түсірмей қиыншылықтан сәтті өтті, өз мәдениетін сақтай алды. Тәуелсіз Қазақстанның бой көтеруі әрі Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы кәріс диаспорасының қайта жаңғыруына жол ашты.  

Жайлы жағдайлардың арқасында өңіріміздің кәрістері ана тілін үйренеді, Жаңа жылдың тууын білдіретін – Соллаль мерекесі тойланады, бабалар рухына тағзым етеді. Өзінің ұлттық киімін – ханбок – Таңғы Балғыңдық Елінің тұрғындары секілді үлкен мейрамдарға киеді. Кеш қонақтары ұлттық кәріс киімінің кербездігін жастар дефелесінен бағалай алды. Сонымен қатар, жастар кәрістің де, қазақтың да, әрі заманауи билерді орындады. Бұл тамаша көрініс – көршілес мәдениеттерінің өзара ықпалдасуының белгісі.  

«Кәріс ұлттық мәдени орталығы» төрағасының орынбасары Раиса Афанасьеваның айтуынша, түрлі мәдениет өкілдері осындай форматта бір-бірінің салт-дәстүрлерімен танысып, жақындасады. «Ұлттар және ұлыстар мәдениеттері жөнінде сөйлесуіміз – еліміздің ұлтаралық келісімін нығайтуына өз септігін тигізеді», - деді ол.

Достық үйінің медиа-орталығы

Фото

537

Фото

538

Фото

539

Фото

540

Фото

541

Фото

542

Фото

543

Фото

544

Фото

545

Фото

546

Фото

547

Фото

548

Фото

549

Фото

536