443 Қазанның төртінші жұлдызында облыстық достық үйінің «Достық» концерттік залында Татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Яшьлек бит ул бер генэ» атты татар әнінің кеші өтті. Казаньнің эстрада әншілері мен Петропавл қаласынан арнайы татар әндерін орындаушы атақты әншілері келіп көрермен қауымды едәуір қуантты. Өз өнерлерін халыққа сыйлағандар – Ильдар Сисанбаев, Петропавл қаласынының татар әндерін орындаушы, Азат Фазлыев, Рузиля Хайруддинова сынды – Казань қаласының  татар әндерін орындаушылары.

Әр әртіс өзінің даусымен, ән орындау ерекшелігімен көзге түсті. Әншілер тек өлең айтып қана емес, онымен қатар би билеп, кішігірім ойын-сауықтар өткізіп, қалжыңдап, көрерменді қуантты. Көрермен қауым әр әнді мұқият тыңдап, әртістері едәуір қолдаушылық көрсетіп, мәз –мейрам болып,к ішігірім сыйлықтарын сыйлап, аса көтеріңкі көңілмен концерттен шықты. Павлодарға арнайы шақырумен келген әртістер мейірімділіктерімен әрі қарапайымдылықтарымен көрермен қауымның көңілінен шықты.

 

Мақсат Айтпаев

 

Фото

 

444

 

Фото

 

445

 

Фото

 

446

 

Фото

 

447

 

Фото

 

448

 

Фото

 

449

 

Фото

 

450

 

Фото

 

451

 

Фото

 

443

 

Фото

 

452