519Қазанның 19 жұлдызында  Достық үйінде  Қ.Даржұман ат. Ұлттық жаңғыру мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған «Einschulungsfest-2014» мерекесі өтті. Мереке ұйымдастырушылары  Павлодар облыстық «Возрождение» Павлодар облыстық немістер одағы мен «Ленц» неміс  жастары одағы болды.

 

Ұлттық жаңғыру мектебі және жексенбілік  неміс тілі үйірмелеріне барып отыратын оқушылар арнайы мереке жасап, жастарға да ,үлкендерге де өте көңілді  уақыт сыйлады.

 

Неміс мәдениетінің  өкілдері  түрлі әндер айтып, ұлттық би билеп, тіпті көрермендермен ойындар да жүргізді. Сонымен қатар, сахна төрінде өз өнерлерін «Вир» вокал тобы  мен «Парадиз» би тобы көрсетті. Көптеген жылдар бойы неміс қоғамы бұл мерекені неміс тіліне және мәдениетіне  деген  қызығушылығы мен ынтасы бар оқушылар үшін тойлап келеді.

 

Көңілді әндер мен әдемі билер көрермен қауымның көңілінен шықты. Мереке соңында барлық оқушыларға сыйлықтар берілді.

 

Айтпаев Максат

 

Фото

 

520

 

Фото

 

521

 

Фото

 

522

 

Фото

 

523

 

Фото

 

524

 

Фото

 

525

 

Фото

 

526

 

Фото

 

527

 

Фото

 

528

 

Фото

 

529

 

Фото

 

530

 

Фото

 

519