Жалпы ережелер   

Конкурсты ұйымдастырушы облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, «Татар-башқұрт қоғамдық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, және облыстық Достық үйінің жәрдемімен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жастар бірлестіктері үйлестіру кеңесі болып табылады. 

Шығармашылық жұмыстар конкурсы 2014 жылғы 10 қазаннан 10 қарашаға дейін өткізіледі. 

Материалдарды қабылдау мерзімі – 2014 жылғы 15 қарашаға дейін. Көрсетілген мерзімнен кеш тапсырылған жұмыстар конкурсқа қатыспайды. 

Конкурстың мақсаты мен міндеттері 

- Жас ұрпақты қазақстандық отансүйгіштік және өзара құрметтеу рухында тәрбиелеу, этносаралық келісім мен халық бірлігі идеяларын кеңейту, азаматтық қоғам, мемлекеттің тұтастығына, мемлекеттің құқықтық, демократиялық дамуына бағытталған дәстүрлерді, рухани, өнегелі құндылықтарды және дүниетаным негіздерін сақтау мен нығайту. 

- Жастардың өз бірлігін және Отаны – Қазақстан Республикасымен терең байланысын түсінуі. Тұрақты және гүлденген Қазақстанды құруда, жаппай еңбек экономикасы мен мүмкіншіліктері дамыған, мықты мемлекет негізінде береке қоғамын құруда жастардың белсенді ұстанымын қалыптастыру. 

- Өзінің зияттылық деңгейін арттыруға жастардың белсенді мүддесін тәрбиелеу, жастарда шығармашылық дарындыларды анықтау, шығармашылық қабілеттілікті іске асыру үшін жағдайлар құру. Заманауи қазақ және қазақстандық әдебиетті әйгілеу. 

Конкурс келесі номинацияларды енгізеді: 

      - Плакат

      - Шығарма 

      - Эссе 

      -  Авторлық өлеңдер 

Конкурс жұмыстарын іріктеу белгілері: 

- Конкурс идеяларын, өзектілігін көрсету, жарияланған жарыстың тақырыбын сәйкес және сауатты ашу.  

- Орындалған жұмыстың образдық шешімінің түпнұсқалығын, жаңалығын және шығармашылық көзқарасын. 

- Нақты материалдарды қолдану, заманауи қазақ және қазақстандық әдебиетті қолданған және сүйенген кезде өз пікірінің, пайымдамасының, қорытындысының  болуы (шығармалар мен эссе үшін). 

- Парақтың құрылысы, айқын декоративті, мәтіні анық, ықшамды (плакаттар үшін).  

 - Жұмысты орындау мен дайындау сапасы. 

Жұмысты дайындауға қойылатын талаптар: 

1.     Конкурсқа түскен жұмыстар жарыстың мақсаттары мен міндеттеріне жауап беруі керек. 

2.     Конкурсқа шығармалар үшін кем дегенде 5 парақ, эссе, өлеңдер үшін кем дегенде 3 парақ көлемінде шығармашылық жұмыстар қабылданады. Жұмыстардың  түсінік беретін өз атаулары болуы керек. 

3.     Плакат келесі атқару техникасында орындалуы мүмкін: сурет өнері, көркем сурет. Плакат пішімі А3 және А1.  

4.     Жұмыстарға ақпаратты мазмұндайтын титул парағы ұсынылады: жұмыстың тақырыбы, автордың тегі, аты, әкесінің аты, мекенжайы, байланыс (мекенжайы, үй, ұялы телефоны, e-mail). 

5.     Конкурсқа материалдар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. 

6.     Материалдар екі данада ұсынылады: баспа және Электронды түрде (шығармалар, эссе, өлең үшін e-mail немесе электронды тасушы бойынша), сурет салынған түрде және электронды тасушыда (плакаттар үшін). 

7.     Конкурсқа ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді. 

8.     Дайын жұмыстарды қабылдау 2014 жылғы 10 қарашадан бастап мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Павлодар  қаласы, 1 май көшесі 35/1 Достық үйі, 108 кабинет, т/ф: (87182)  32 77 53; 32 17 37.  

Қорытынды шығару 

    Конкурс бір турда өткізіледі. Конкурс жұмыстарын бағалау жарысты ұйымдастырушылармен қалыптастырылған, төрешілер мүшесімен жүзеге асырылады. 

         Төрелер хат алмаспайды, конкурсқа ұсынылған материалдарға пікірсарап бермейді. 

Конкурс жеңімпаздары келесі номинациялар бойынша анықталады: 

- «Ең үздік плакат»;

- «Ең үздік шығарма»; 

- «Ең үздік эссе»; 

- «Ең үздік өлең»;  

Конкурстың әр номинациясында үш жүлделі орын беріледі.  

Жеңімпаздар дипломдармен және құнды сыйлықтармен марапатталады.