4862014 жылғы шілде айында Екібастұз қаласында «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» мега-жобасы өз жұмысын бастаған болатын. Оған мұрындық болған Қазақстан халқы ассамблеясының облыстық филиалы мен облыстық Достық үйі.

Осы күннен бастап «Достық туы» биікке өрлеп «Достық эстафетасы» ауданнан ауданға беріліп келеді.

Мега-жоба аясында көптеген іс-шаралар өткізілді. Олар: ауыл мен аудан жұртшылығының этномәдени бірлестіктер төрағаларымен, шығармашылық ұжым қатысушыларымен кездесуі, дөңгелек үстелдер, көптеген көрмелер, концерттер, тіпті жаңа этномәдени бірлестіктердің ашылуы. Барлығы халықтың үлкен қызығушылығын тудырды. Мега-жоба шараларына жанұясымен бірге келушілер көбейді.

Жуырда, Мега-жоба аясында, Қашыр ауданында Павлодардан арнайы аттанған делегация аудан әкімі Шұғаев Жанат Рашитұлымен кездескен болатын. Делегация құрамына облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары кірді. Жиын барысында аудан әкімдігі тарапынан ұлтаралық және дінаралық қатынастарды дамытуға бағытталған әр шараға барынша көмек берілетіні жөнінде айтылды.

Басты іс-шара Қашыр аудандық Мәдениет үйінде өтті. Көрермендер лық толы. Достық эстафетасын Железин ауданы Қашыр аудашнына тапсырды. Сахына төрінде неміс, грек, шешен-ингуш, т.б. этномәдени бірлестіктері белсенділерінің қатысуымен  үлкен концерт өтті.

Осы жыл шешен-ингуш халқы үшін ерекше болып келеді. 70 жыл бұрын ел халқы түгелдей дерлік Қазақстанға жер аудартылған болатын.  Ресми мәліметтерге сүйенсек  1944 жылдың 23-ші ақпанынан бастап 9-шы наурызы аралығында 400 мыңнан астам шешен-ингуш халқының өкілдері жер аудартылды. Қазақ халқынық қонақжайлығы оларды аман сақтап қалған болатын. Осы күндер Қашыр ауданының  80 жастағы тұрғыны Джакупов Наби ақсақалдың есінде. Оған қазақ халқына тағзым ретінде «Облыстық шешен-ингуш мәдени орталығы» этномәдени бірлестігінің төрағасы  Абубакаров Абдурашид Мумадиевич Ингуш республикасының Президенті атынан арнайы жасатылған медальді табыстаған болатын.

Қазақстан – полиэтникалық мемлекет болып табылады. Мұнда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. Толеранттылық пен бейбітшілік Қазақстандық брендке айналды. Еліміздегі ұлтаралық бейбітшілікті көптеген шетел ғалымдары зерттеп, қызығушылық танытуда.

Мақсат Айтпаев

Фото

487

Фото

488

Фото

489

Фото

490

Фото

491

Фото

492

Фото

493

Фото

494

Фото

495

Фото

496

Фото

497

Фото

498

Фото

499

Фото

500

Фото

501

Фото

502

Фото

503

Фото

504

Фото

506

Фото

507

Фото

508

Фото

509

Фото

510

Фото

511

Фото

512

Фото

513

Фото

514

Фото

486