- Толығырақ
-
Жарияланды 16 Қазан 2014
Қазанның он алтыншы жұлдызында «Қазақстан мұсылман әйелдер лигасының облыстың филиалының төрайымы Максилова Бақытжамал Шаханқызы мен Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған лицейдің жоғары сынып оқушылары Набережное және Чернорец ауылдарына барып қайтты. Шара барысында ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларына дәрістер оқылды. «Зияткер ұрпақ», «Қазақстанның этносаясаты» мәселелерін талқылады.
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы «Зияткер ұрпақ» жобасын жалғастырады. Жобаның мақсаты – оқуда немесе қызметте белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген білімді азаматтардыауылдағы жас жеткіншектерге білім беру ісіне тартып, тәжірибесімен бөлісуге шақыру. Ауыл жастарына үлгі-өнеге беру арқылы орын алған кемшіліктерді жойып, жетістіктерге жетуіне түрткі болу көзделіп отыр.
Жоба аясында қалада тұратын білімді азаматтар өз қалауларымен ауыл мектептеріне барып, 9-11 сынып оқушыларымен қысқа мерзімді сабақтарын өткізді. Курстың ұзақтығы мен тақырыбын баратын «мұғалім» өзі анықтайды. Курс бірнеше сағатқа немесе аптаға, әйтпесе одан ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.
Мақсат Айтпаев
Фото
Фото
Фото
Фото