316328 қаңтарда «Достық» концерт залының холында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жастар белсенділеріне арналған «Бал ханшайымы» атты кеш өтті. Шара ұйымдастырушысы болып Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Селиванова Екатерина Валерьевна жетекшілік ететін жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі атанды. Балды өткізу ережеліне сәйкес арнайы дресс-код сақталды. Бойжеткендер өте әдемі ұзын көйлекте, кавалерлер костюмдерде болды. Осы күні он шақты жұп дөңгелене би билеп, көздің құрышын қандырды. Бір сөзбен айтқанда, этномәдени бірлестіктердің жастар өкілдері шара қонақтарын тамаша әлемге, кавалерлер бикештерге қамқорлық жасап, бір-бірін дуэльге шақырып, рыцарлық ержүректік жасаған әлемге жнеткізе алды.

Толығырақ...

317222-қаңтар күні Майқайың кентінің «Кенші» мәдени-сауық орталығында татар халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттап жүрген ақ жаулықты анамыз, әні мен сәні жарасқанаяулы апамыз,асқаралы жасына қарамай, мәдениет пен өнердің туын көтеріп жүрген әнші апамыз, татар этномәдени орталығында құрылған «Ялқын» вокалдық тобының жетекшісі  Мусатаева Зулхиза Гаянқызы сексеннің сеңгіріне толды. Асқаралы жасына қарамай өнердің туын көтеріп жүрген аяулы апамызды  туған күнімен құттықтап, бала-немере, көрші -туысқан, әр саланың жанашыр майталмандары бір шаңырақ астында бас қосты.

Толығырақ...
Толығырақ...

314725-ші қаңтарда «Қоғамдық келісім» КММ конференц-залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңестің негізгі міндеті – қоғамда қалыптасқан жағдайды саралау, сондай-ақ өңірде әлеуметтік және басқа да шиеленістерді болдырмау және шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөнінде, сонымен қатар мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған азаматтық қатысуды, қоғамдық бастамаларды, әлеуметтік маңызды жобаларды және бағдарламаларды қолдау және дамыту болып табылаты.

Толығырақ...

3139Cтудент жастардың бастарын қосқан мереке өткен жексенбіде «Достық» концерт залында өтті. Оның ұйымдастырушысы болып «Славян мәдени орталығы» аталды. Мейрамға облыстық этномәдени бірлестіктерінің жастар қанатының мүшелері қатысты. Олардың көбі – студент жастар болса, енді біреулері өмірдің бұл қызықты кезеңіне дайындалу үшін, екіншілері осы шақты еске алу үшін келгендер....

Толығырақ...