3124

21-ші қаңтар күні «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің акт залында «Чишмя» – татар-башқұрт, «Сеспель» – чуваш этномәдени бірлестіктерінің және Славян мәдени орталығының ардагерлері хорының жетекшісі Гайнутдин Айнутдинұлы Ташимовтың 60-жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерейтойға Достық үйінің көптеген шығармашылық ұжымдарының қатысушылары, облыстық ҚХА мен «Қоғамдық келісім» КММ жетекшілері және мерейтой иесінің өнерінің сүйермендері келді.

         Гайнутдин Ташимов 1956 жылы Павлодар қаласында дүниеге келді. Оның өнеріндегі жолы музыка мектебінің баян сыныбындағы, кейін  музыка училищесіндегі орыс халық аспаптары бөліміндегі оқуынан басталды. Училещені тәмамдаған жас маман №13 кешкі мектепте ән-күй мұғалімі болып еңбек етті. 1976 жылғы мамыр айында Гайнутдин Айнутдинұлы әскерге шақырылып, Талдықарғандағы танк әскерінде борышын атқарды. Ауыр техниканы меңгеруге де музыка өз көмегін берді дейді Гайнутдин Айнутдинұлы. Уақыт өте келе жас Гайнутдин танк полкінің үрмелі оркестіріне шақырту алады. Әскерден кейін жас маман музыка мектебіндегі жұмысын жалғастырады. Тағдырдың жазуымен 1983 жылдан бастап Павлодар трактор зауытына метал ісінің токары болып, кейін Павлодар алюминий зауытында 23 жыл еңбек етеді. Өнерпаз өнеркәсіптерде жұмыс істей отыра шығармашылық өнерін тастамады. 1988 жылы Павлодар қаласында жаңадан құрылған «Чишмя» ансамбілінің белсенді қатысушысы болды, ал 1990-шы жылдан бастап бұл ұжымға жетекшілік етіп келеді. 2000 жылы ол Инновациялық Еуразиялық университетіне музыка факультетіне оқуға түседі. Тағдырдың жазуы болар, жоғарғы оқу орнында Гайнутдин Айнутдинұлы чуваш этномәдени бірлестігінің бірінші төрағасы Федотов Василий Артемьевичпен танысады. Василий Артемьевич Гайнутдин Айнутдинұлына чуваш этномәдени бірлестігінің «Сеспель» вокалдық ансамбіліне жетекшілік етуге ұсыныс жасайды. 2008 жылдан бастап мерейтой иесі Достық үйінде жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда ол «Чишмя», «Сеспель» ансамбілдеріне және Славян мәдени орталығының ардагерлері хорына жетекшілігін жалғастырып келеді.

Гайнутдин Ташимовтың өнер жолындағы қолдаушысы және көмекшісі оның жары Залия Мухтасимовна болып табылады. Отау құрғандарына 34 жыл болған Ташимовтар Альфия және Надия атты инабатты қыздарын өсірген өнегелі жанұя. Айта кететін жайт, дәл осы күні Гайнутдин Айнутдинұлының Альфия атты қызы өзінің 30-жылдық мерейтойын атап өтуде. 

Аталған думанға ортақтаса келе бұл күні меретой иесіне деген тілектері мен ыстық лебіздерін хатшылық меңгерушісі, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қайыргелдинов Оразгелді Әліғазыұлы, Павлодар облыстық «Чуваш қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Софронова Елене Ивановна, «Славян мәдени орталығының» төрайымы Кузина Татьяна Ивановна, «Павлодар облысының татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Иванова Венера Альфредовна білдірді.

 

Бұл күні Достық үйінің акт залы гүлдер аллеясына айналды, басқаша болуы да мүмкін емес еді. Осының барлығы, Гайнутдина Айнутдинұлының өрен биік бағалайтын және сүйетік көрермендердің оған деген ыстық ықыласы мен мааббатының айқын айғағы.

 

 

Айтпаев Мақсат

Фото

3125

Фото

3126

Фото

3127

Фото

3128

Фото

3129

Фото

3130

Фото

3131

Фото

3124