3172

22-қаңтар күні Майқайың кентінің «Кенші» мәдени-сауық орталығында татар халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттап жүрген ақ жаулықты анамыз, әні мен сәні жарасқанаяулы апамыз,асқаралы жасына қарамай, мәдениет пен өнердің туын көтеріп жүрген әнші апамыз, татар этномәдени орталығында құрылған «Ялқын» вокалдық тобының жетекшісі  Мусатаева Зулхиза Гаянқызы сексеннің сеңгіріне толды. Асқаралы жасына қарамай өнердің туын көтеріп жүрген аяулы апамызды  туған күнімен құттықтап, бала-немере, көрші -туысқан, әр саланың жанашыр майталмандары бір шаңырақ астында бас қосты.

Сондай-ақ, дәл осы күні Мусатаева Зулхиза Гаянқызының жетекшілігімен құрылған «Ялқын» вокалдық тобының сахна төрінде әсем әндерімен көрермен қауымға қуаныш сыйлап жүргендеріне 10 жыл толды. Соған орай «Кенші» мәдени-сауық орталығында «Махапат ялқыны» атты шығармашылық ұжымның жеке шығармашылық ән кеші ұйымдастырылды. Кеш иелерін Майқайың кентінің көрермендері ыстық ықылас, зор қошеметпен қарсы алды. Концерттік бағдарламаның  шымылдығы «Туған жер» әнімен ашылды. Концертте кеш иелері шырқаған «Утыр әле янарыма», «Гармоншы болсын ярын», «Чигарсынма коршы оларга» әндерін көрермендер зор қошеметпен қарсы алды.  

 Алғаш сөз кезегін алғанкент әкімінің орынбасары Джусупов Мәлік Кенжешұлы және де ардагерлер кеңесінің төрағасы В. И.Никишов  Мусатаева Зулхиза Гаянқызын асқаралы 80 жасымен, сондай-ақ «Ялқын» вокалдық тобын мерейлі 10 жылдықтарымен құттықтап, шығармашылық табыстар тілеп, сый-сыяпаттарын табыс етті.  

Шара барысында кеш иелерін мерейтойларымен құттықтау үшін Павлодар қаласынан арнайы келген қадірлі қонағымыз Павлодар облыстық татар-башқұрт мәдени орталығы төрағасының орынбасары  Венера Альфредовна ханым және де Екібастұз қаласынан келген «Шатлык» вокалдық тобы кеш иелерін мерейтойларымен құттықтап, ақ тілектерін білдіріп, әсем әннен шашу шашты.

    Сөз кезегін алған «Кенші» мәдени-сауық орталығының жетекшісі Какимова Анар Сағындыққызы, «Ялқын» вокалдық тобымен бір саланың қазанында бірге қайнап жүрген «Сымбат» әжелер вокал тобының жетекшісі Көпежанова Қымбат Көпежанқызы және де «Сырласу» вокалдық тобының жетекшісі Тулеубекова Зауреханум Исақызы ұжымның қуанышымен бөлісіп, сыйлықтарын табыс етті.

Кеш иелеріне Мұқажанов Абылай, Валерия, Молхина Назира әдемі әннен шашу шашты.

 

Бізде өз тарапымыздан ақ жаулықты анамыз Зулхиза Гаянқызын, сонымен қатар сол кісінің қанатында самғап жүрген «Ялқын» вокал тобын мерейтойларымен құттықтап, шығармашылық толағай табыстар тілейміз. Өмірлеріңізге шаттық, көңілдеріңізге күлкі ұялап, әрқашанда кентіміздің, мәдениет ошағымыздың мәртебесін әуелеген әсем әндеріңізбен шарықтатып жүре берулеріңізге тілектеспіз.

«Кенші» мәдени-сауық орталығының

 

әдістемелік бөлімі

Фото

3173

Фото

3174

Фото

3172