3111

17 қаңтарда «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жылды атап өту науқанына орайластырылған «Кәріс киносының күні» атты іс-шара өткізілді. Шараны ұйымдастырған «Қазақсатан кәрістері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы.

Шараның бірінші бөлімінде ұйымдастырушылар кәріс халқының Жаңа жыл мерекесі «Соллальдің» ғұрыптары жөнінде жиналған жастарға көптеген қызықты мағлұмат берді. «Соллаль» шығыс күнтізбесі бойынша қаңтардың 21-нен ақпанның 21-і аралығында тойланады. Таңғы балғындық елінің халқы бұл мерекені табиғаттың жаңаруымен, көктемнің келуімен байланыстырады. Оған байланысты көне заманнан қалыптасқан көптеген салт-дәстүрлер де бар. Мәселен, балалардың ата-аналарын мерекемен құттықтау салты «себэ» деп аталады. Кәріс халқының дәстүрі бойынша, жастар әке-шешелеріне үш рет тағзым етіп, тілектерін айтады. Үлкендер оларға сый ретінде «токтам» деп аталатын баталарын береді. Осы ғұрыпты орындайтындар, әдетте, ұлттық киім – ханбокты киеді.

Бұл күні орындалатын тағы бір маңызды дәстүр қайтыс болған отбасы мүшелеріне қатысты. Мерекелік дастархан басында кәрістер бабалар рухынан көмек пен қорғауды сұрайды. Бұл салттың аты - чхаре.

         Шараның екінші бөлімінде «Выпускник» атты екіге бөлінген бір халықтың қасіретті тағдыры жөніндегі фильм көрсетілді.

Айтпаев Мақсат

Фото

3112

Фото

3113

Фото

3114

Фото

3115

Фото

3116

Фото

3111