3163

 

28 қаңтарда «Достық» концерт залының холында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жастар белсенділеріне арналған «Бал ханшайымы» атты кеш өтті. Шара ұйымдастырушысы болып Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Селиванова Екатерина Валерьевна жетекшілік ететін жастармен жұмыс жөніндегі бөлімі атанды. Балды өткізу ережеліне сәйкес арнайы дресс-код сақталды. Бойжеткендер өте әдемі ұзын көйлекте, кавалерлер костюмдерде болды. Осы күні он шақты жұп дөңгелене би билеп, көздің құрышын қандырды. Бір сөзбен айтқанда, этномәдени бірлестіктердің жастар өкілдері шара қонақтарын тамаша әлемге, кавалерлер бикештерге қамқорлық жасап, бір-бірін дуэльге шақырып, рыцарлық ержүректік жасаған әлемге жнеткізе алды.

Неміс ЭМБ-нен Тамбова Дарья мен Колесников Данил, украин ЭМБ-нен Зайбель Виктория мен Тренин Евгений, грек ЭМБ-нен Кутекиди Екатерина мен Торшан Досбол,  Славян мәдени орталығынан Семичова Софья мен Дерепаско Александр, еврей ЭМБ-нен Нарынская Наталья мен Щукарев Никита, фино-угор ЭМБ-нен Тутасова Елена мен Николашин Олег белорус және татар-башқұрт ЭМБ-нен Кузьмичева Арина мен Абдулкаюмов Ринат, болгар және татар-башқұрт ЭМБ-нен Вихристюк Ольга мен Смаилов Рамиль іс-шара қонақтарының назарында болды.

Салтанатты кештің басында барлық жұптар әсем және салтанатты полонез биін орындады. Жұптардың әрбір қозғалысы мен қимылы мейірімділік пен жылылыққа толы болды. Барлық қатысушылар жоғары дайындықтарын көрсете білді. Сондай-ақ олар «Летка – енка», «Краковяк», «Полька» сияқты билерді орындады. «Билердің патшасы» - вальс кештің басты биі болды.

Әділ-қазылар алқасының құрамына Павлодар қаласының хореографы Нұрлан Балғабайұлы Беков, «Жасыл ел» студенттік құрылыс жастар жасағының басшысы Тұрсынжан Анет, Ақсу қаласы Жаяу Мұса атындағы колледждің хореография пәнінің оқытушысы Крылова Юлия Владимировна және Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ЭМБ-мен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Холина Янина Любомировна енді. Олар балдың барлық қатысушылары мен қонақтарына әдемілік пен әсемдік мерекесі, романтикалық және жастықтың салтанат мерекесі үшін алғыстарын білдірді.

«Әдемі ханымға қошемет» сайысында  Кузьмичева Арина мен Абдулкаюмов Ринат ең жақсы деп танылды. «Биші жұп» номинациясы бойынша Зайбель Виктория и Тренин Евгений, «Үміт иесі» номинациясы бойынша Нарынская Наталья и Щукарев Никита, «Ең әдемі жұп» номинациясы бойынша Кутекиди Екатерина и Торшан Досбол, «Ең шығармашыл топ» номинациясы бойынша Семичова Софья и Дерепаско Александр, «Ең кербез жұп» номинациясы бойынша Кузьмичева Арина и Абдулкаюмов Ринат, «Ең креативті жұп» номинациясы бойынша Вихристюк Ольга и Смаилов Рамиль танылды, Тамбова Дарья и Колесников Данил «Көрермендер көзайымы» жүлдесінің иегерлері болды, Николашин Олег «Бал патшасы» және Тамбова Дарья «Бал патшайымы» деп атанды.

Сондай-ақ бал бағдарламасында музыкалық нөмірлер, жүргізушілердің жалын шашқан әзілдері, көрермендермен ойындар болды. Бал дәстүр бойынша дискотекамен аяқталды.

Айтпаев Мақсат

аудармасын жасаған Смагулова Назигуль

 

 

Фото

3164

Фото

3165

Фото

3166

Фото

3167

Фото

3168

Фото

3169

Фото

3170

Фото

3163