3132

Өткен сенбі күні Достық үйінің акт залында композитор, ақын, әнші Константин Симоновтың 55-жасқа толуына арналған шығармашылық кеш өтті. Демалыс күніне қарамай, аталмыш кеш иесін мерейтойымен құттықтауға достары мен туыстары, әріптестері мен оқушылары, сансыз табынушылар келді.

         Константин Симонов Поволожья және Оралдың ірі өнеркәсіптік, ғылыми-білім беру және мәдени орталығында, Ресей Федерациясы Удмурт Республикасы астанасы Ижевск қаласында дүниеге келген. Мерейтой иесінің балалық кезі және жастық шағы туған қаласында өткен. Кейін Павлодар индустриалды институтында оқыды. Константин жас және жылдам дамыған Павлодар қаласын ұнатып, туғанындай болып, осы қалада қалуға бел буды. Сөйтіп Қазақстан Константин Симоновтың екінші Отанына айналды.

         Мерейтой иесі бала кезінен өзінің әдемі дауысымен ерекшеленді. «Анамның және әкемнің айтқан бесік жыры әлі де менің жүрегімде», - дей отырып мерейтой иесі, музыка әлемі оны өзіне қалай баурап алғанын айтты. «Балабақшада хормен ән айту әнге деген сүйіспеншілігімді күшейтті, кейін мектепте хорда ән айту және мектептік театрда ойнау көрермендер алдында қорқынышты жойды» - деп қосты мерейтой иесі.

Мерейтой иесінің «жеке іс парағын» қарап отырып, кештің жүргізушісі, финно-угор этномәдени бірлестігінің төрайымы Ольга Леонидовна Николашина Константин қолына алғаш рет гитараны алған кездегі өмірлік кезеңіне тоқталды. Ал бұл Пермдік өзен училищесіндегі оқу жылында болған. Ол кезде 16 жасарлық Константин әнді сүйіп және жақсы айтатын, бірақ оның топтастары сияқты гитарада ойнау білмеуі оны өкіндірді. Оның зор ынтасы жемісін берді. Мерейтой иесі гитарасын қолына алып, ақырын дауыспен 70-ші жылдары әйгілі болған «Иволга в малиннике поет» әнін айта бастады. Оның ықыласы сүйген құралымен қалыптасып ғажайыптар туғызды, және 17 жасында Константин өзінің алғашқы әнін жазды. 

         2015 жылғы ақпанда мерейтой иесі финно-угор этномәдени бірлестігін құру бойынша бастамашы топ мүшесіне шақырылды, онда ол туған удмурд тілінде ән айтып, өзінің бұрынғы арманының бірін жүзеге асыратын болды. Бірақ Константин тек қана ән айта алмайды. Финно-угор этномәдени бірлестігінің қолдауымен, өмір және жағдай себептеріне байланысты өзінің жұмысын тоқтатқан ұжымды қайта құруда. Кешке келген барлық қонақтар «Ошмес» вокалдық-аспаптық ансамлінің екінші рет туғанының куәгері болды. «Ошмес» удмурд тілінен аударғанда «Бұлақ» - «Родник». Ансамблдің орындауында болған әйгілі және бәрі сүйіп тыңдайтын әндерінің қатарында мерейтой иесінің «Незабудка», «Благодарность Павлодару» авторлық әндері де орындалды.

         Тамаша адамның белгіленген өмірлік жолын қорытындылай келе, оған жақсы сөздер мен тілектер айту дәстүрі бар. Ал мерейтой – бұл дәстүрді құптаудың керемет себебі! Аманшылық, табыс және де шығармашылық қызметінде жаңа шыңдар тілегімен осы күні Константинді іс-шараның барлық қонақтары құттықтады, олардың қатарында – облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Абдурашид Мумади, мерейтой иесінің оқытушысы және тәлімгері Шафер Наум Григорьевич, Павлодар облысы әскери-патриоттық тәрбиелеу Қауымдастығының төрағасы Жан Қайыркенұлы Қаратаев, «Қазақстан алюминиі» АҚ кәсіпорнынан әріптесі Рафаэль Мухаметжанов болды.

         Іс шараның екінші бөлімі де шын ықыласты және жан-сезімді болды, онда қала бардтарының шығармашылық кеші өтті. Осы күні музыканттардың орындалуындағы өнердің барлығы мерейтой иесі, өз ісін білетін және жақсы көретін, адал, лайықты жұмыс істейтін адамға арналды.

                   

  Айтпаев Мақсат,

аудармасын жасаған Смагулова Назигуль

 

 

 

Фото

3133

Фото

3134

Фото

3135

Фото

3136

Фото

3137

Фото

3138

Фото

3132