3147

 

25-ші қаңтарда «Қоғамдық келісім» КММ конференц-залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңестің негізгі міндеті – қоғамда қалыптасқан жағдайды саралау, сондай-ақ өңірде әлеуметтік және басқа да шиеленістерді болдырмау және шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөнінде, сонымен қатар мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған азаматтық қатысуды, қоғамдық бастамаларды, әлеуметтік маңызды жобаларды және бағдарламаларды қолдау және дамыту болып табылаты.

Кеңестің отырысы барысында негізгі екі сұрақ қаралды: сайлау кезеңінде қоғамдағы келісім мен бейбітшілікті сақтау мен нығайту және 2016 жылғы Қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту.

 

Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Әбдіхалықов Идият Бекболатұлының сөзінше Елбасының «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы халқымыздың тағдыры үшін айрықша орын алады, және ол барлық жағынан алғанда әлеуметтік-экономикалық, рухани дамудың кепілі болып табылады. «Бұл құжат біздің елімізді жаңа қырынан дамытуға арналған. Құжаттың басты мақсаты – қоғамдық құндылықты бағалап, тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайту және еліміздің бейбіт жағдайда дамуына өзіндік үлес қосу» - деді Идият Бекболатұлы. Сондай-ақ, өз сөзінде Идият Бекболатұлы Кеңестің әрбір мүшесін белсенділікке шақырып, әсіресе сайлау науқаны аралығында ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстандық моделін насихаттауға баса назар аударуға шақырды.

 

Айтпаев Мақсат 

 

 

Фото

3148

Фото

3149

Фото

3150

Фото

3151

Фото

3147