Қаңтар айының 15-ші жұлдызында «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің бірінші отырысы өтті. Биылғы жылы Кеңес құрамына қоғамдық бірлестіктердің төрағалары, мемлекеттік емес ұйымдардың және этномәдени бірлестіктердің басшылары, мемлекеттік органдардың, ардагерлер және аналар кеңесінің мүшелері енді.

         Хатшылық басшысы, облыстық Қазақстан халқы ассамблесы төрағасының орынбасары С.Қ. Жетпісбаев әлеуметтік және басқа да себептерге байланысты туындайтын шиеленістерді болдырмау және алдын алу, Павлодар өңірінде бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайтудағы Қоғамдық келісім кеңесінің алатын рөліне ерекше тоқталды.

Кеңестің негізгі міндеті – азаматтық принципі негізінде қазақстандық бірегейлікті нығайту және дамыту мақсатында қоғамда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, басқа бірлестіктерді ұйыстыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асырудың және Жаңа Қазақстандық Патриотизмді тәрбиелеудің біртұтас тәсілдерін әзірлеу болып табылады, - деді С. Жетпісбаев.

Жиын барысында Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы болып облыстық мәслихаттың депутаты, еңбек ардагері Әбдіхалықов Идият Бекболатұлы, ал  Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары болып «Эльпида» облыстық грек этномәдени бірлестігінің төрайымы Ифандопуло Людмила Петровна сайланды. Сонымен қатар, Кеңестің жаңа құрамна облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Марданова Айгүл Қамзақызы мен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қаиыргелдинов Оразгелді Әліғазыұлы енді.

Еліміздегі қоғамдық келісімді және бірлікті нығайтудағы қосқан үлесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдық мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 16-шы сәуірдегі Бұйрығына сәйкес бұл күні өңіріміздің бірнеше азаматтары «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» Мерекелік медалімен марапатталды. Олардың қатарында: Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әкімханов Халел Хайроллаұлы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының бас маманы Асайынова Маржан Тұяққызы, еңбек ардагері Мұқашева Бақытжамал Тоқмұхамбетовна және Мұсылман-әйелдер лигасы облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары Хамзина Мая.

 

 

Айтпаев Мақсат 

 

Фото

3118

Фото

3119

Фото

3120

Фото

3122

Фото

3123

Фото

3117