3139

Cтудент жастардың бастарын қосқан мереке өткен жексенбіде «Достық» концерт залында өтті. Оның ұйымдастырушысы болып «Славян мәдени орталығы» аталды. Мейрамға облыстық этномәдени бірлестіктерінің жастар қанатының мүшелері қатысты. Олардың көбі – студент жастар болса, енді біреулері өмірдің бұл қызықты кезеңіне дайындалу үшін, екіншілері осы шақты еске алу үшін келгендер....

Әртүрлі ойындар, әндер мен билер мейрамды көңілді етті. Көрермендер өздерінің студенттік шағын қайта естеріне түсірді. Ресей патшайымы, Ломоносов әрі граф Шувалов қатысуымен өткен қойылым мереке қатысушыларын өткен дәуірге жеткізіп, барлығына мерекенің шығу тарихынан сыр шертті.

Татьяна күні 1755 жылдан бастап қаңтардың 25 жұлдызында тойланатын болды. Себебі, бұл күні Ресей патшайымы Елизавета Петровна «Мәскеу университетін және де екі гимназияны ұйымдастыру жөнінде қаулысын» шығарды. Бұл оқиға ресейлік жастарға отандық жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берді. Сол себептен 25 қаңтар ресейлік жоғары білім берудің әрі студент қауымының қалыптасуының күні болып есептеледі. Ал 2005 жылдан бастап аталған мереке мемлекет тарапынан бекітіліп, ресми түрде «Ресейлік студент күні» болып атанды.

Сөйтіп, мерекеге келген студент жастар уақыттарын көңілді өткізумен қатар өзінің «кәсіби» мейрамы жөнінде қызықты деректерді білді.

 

Айтпаев Мақсат

 

 

Фото

3140

Фото

3141

Фото

3142

Фото

3143

Фото

3144

Фото

3145

Фото

3146

Фото

3139