6615Экспедицияның алғашқы күнін Баянауыл жерінде өткіздік. Бұл өлке көптеген әндер мен аңыздарда мадақталады. Орта ғасыр философы Асан Қайғы оны жұмақтай жер деп атады. Қазақтың ұлы ағартушысы Шоқан Уәлиханов Баянауылдың атауы моңғол тілінен бай, бақытты таулар деп аударылғанын атап өтті. Біздің Президент Нұрсұлтан Назарбаев Баянауылдың барлық қазақстандықтар үшін қасиетті орын екенін баса атап өткен болатын.

Толығырақ...

6432

Павлодарда Гагарин саябағында Ұлттық домбыра күніне орай 200-ге жуық адам бір мезетте Жаяу Мұса Байжанұлының «Құм жылан» күйін орындады.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбековтың айтуынша, шараға облыстың аудандарынан және жергілікті өнерпаздар жұмылдырылған.

Толығырақ...

6408Қазақ халқының ежелгі ұлттық мейрамының бірі – Сабатой. Бүгінде ұмыт болған бұл дәстүрді ата-бабамыз жаз мезгілінің басталуына сәйкес сән-салтанатымен атап өтетін болған. Тәңірлік танымнан бастау алатын көне мерекені павлодарлықтар қайта жаңғыртты. Сенбі күні этноауылда Сабатойға тән әдет-ғүрыптар орындалып, қонақтарға қымыз үлестірілді.

Толығырақ...

6426

Жуырда чуваш мәдениетінің күні аясында Павлодар қаласының орталық саябағында үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарлама Астананың 20-жылдығы мен Павлодар облысының 80-жылдығына арналды. Бұл күні сахна төрінде әннен шашу шашылып, іс-шара конақтарына мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Толығырақ...

6395Жаздың алғашқы күндерінен бастап Павлодар қаласынының орталық саябағында облысымызда өмір сүретін этностардың мәдениеттерінің күндерін өткізу игі дәстүрге айналды. Өткен жексенбіде саябақта корей мәдениетінің күніне арналған мерекелік бағдарлама өткізілді. Мерекеге корей облыстық этномәдени бірлестіктің мүшелері, Успен, Павлодар аудандарында ашылған орталық бөлімшелерінің белсенді қатысушылары, сондай-ақ Алматы қаласының корей орталығынан келген құрметті қонақтар атсалысты. Бұл күні саябақта үлкен концерттік бағдарлама, қолөнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары корей халқының ұлттық тағамдарынан дәм тату мүмкіндігіне ие болды.

Толығырақ...