6289Павлодароблысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» ҚММ-нің акт залында балаларды қорғау күніне орай және Астананың 20 жылдығына арналған «Достық және балалық шақ мерекесі» өтті. Іс-шараны «Буковина» румын-молдован этномәдени бірлестігі ұйымдастырды.

Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің румын-молдован бөлімшесі тек жақында ғана 2017 жылдың қыркүйегінде ашылды. Осы уақыт аралығында олар көптеген байқаулардың, жобалар мен фестивальдердің белсенді қатысушыларына айналды.

Іс-шара барысында «Буковина» румын-молдован этномәдени бірлестігінің төрағасы Дяк Аурика Георгиевна  келген  қатысушыларды мерекесімен құттықтап,  жақсы көңіл-күй, сәттілік пен табыс тіледі.
Сондай-ақ, ұлттық жаңғыру мектебінің белсенді қатысушылары дипломдарымен марапатталды.

Мереке барысында балалар арасында көптеген көңілді ойындар мен байқаулар өткізіліп. Барлық балалар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Кейін іс-шара  «Буковина» румын-молдован этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдырының дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Фото

6290

Фото

6291

Фото

6292

Фото

6293

Фото

6294

Фото

6295

Фото

6296

Фото

6297

Фото

6289