6355Өткен демалыс күні «Бір шаңырақ астында» атты жазғы фестивалі аясында Павлодарда болгар мәдениеті күні аталып өтті. Облысымызда тұрып жатқан болгарлар әрбір мереке барысында елімізге деген сүйіспеншілігін көрсетеді және Отанымыздың тәуелсіздігін мақтан тұтады.

Осы жазғы фестивалі шеңберінде «Славяне» болгар этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдары және Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары болгар халқының билері мен әндерін орындады. Көрермендер болгар халқының шығармашылығын тамашалай отыра, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Болгарлардың көптеген мерекелері көбінесе еңбек қызметімен – егін шаруашылығымен және мал шаруашылықтарымен тығыз байланысты. Осындай мерекелердің қатарында: 1 қаңтар – Жаңа жыл, көктемнің алғашқы күні – 1 наурыз – Баба марта, 3 наурыз – Осман әмірлігінен босаған күні, Ұлы күн – Пасха, 24 мамыр – Славян жазуы мен мәдениеті күні, 21 мамыр – раушан гүлінің күні, 1 қараша – халық ағартушылар күні,  24 желтоқсан – Рождество Христово. Сондай-ақ, болгарлардың көптеген дәстүрлері табиғатпен байланысты екенін айта кеткен жөн.

110 жыл бұрын болгарлар Павлодар облысына өз еркімен қоныстанған болатын. Кейін мұнда Разумовка мен Андриановка атты екі елді-мекен пайда болды. Осы уақыттан бастап өңірімізде қоныс тепкен болгарлар үшін Қазақстан туған отанына айналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша мерекелік бағдарлама Астананың 20 жылдығы мен Павлодар облысының 80 жылдығына орай өткізілді.

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Жетпісбаев Сейскмбай Қалижанұлы жазғы мерекемен барша жиналған қуымды құттықтай отыра, этномәдени бірлестіктің көптеген жетістіктері туралы айтып өтті. Сондай-ақ, ол бірлестіктің белсенді қатысушылары мен шығармашылық ұжымдарының жетекшілеріне болгар мәдениетін дамытуға және өңірдегі достық пен бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлестері үшін алғыс хаттарды табыс етті.

Фото

6355

Фото

6356

Фото

6357

Фото

6358

Фото

6359

Фото

6360

Фото

6361

Фото

6362

Фото

6363

Фото

6364

Фото

6365

Фото

6366

Фото

6367

Фото

6368

Фото

6369