6426Жуырда чуваш мәдениетінің күні аясында Павлодар қаласының орталық саябағында үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарлама Астананың 20-жылдығы мен Павлодар облысының 80-жылдығына арналды. Бұл күні сахна төрінде әннен шашу шашылып, іс-шара конақтарына мерекелік көңіл-күй сыйланды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған жылы өңірімізде мекен еткен чуваштардың саны 2000 жуық болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясы Павлодар облысында тұратын чуваштарды бір жанұяың баласындай біріктірді, ал бүгінгі таңда, мәдениетін, салт-дәстүрі мен тілін дамытуға септігін тигізуде.

Облыстық чуваш мәдени орталығының алғашқы құрылған күнінен бастап «Сеспель» фольклорлық ансамблі жұмыс істейді. Баяншы Гайнутдин Айнутдинович Ташимов ансамбілдің көркемдік жетекшісі болып табылады. Көптеген жылдар бойы ансамбіл барлық қалалық және облыстық іс-шараларға қатысады және бірнеше мәрте облыстық Қазақстан халқының мәдениет және өнер фестивальдарының лауреаты атанды.

Чуваш халқы жазғы уақытта «Агатуй», «Щимек», «Уяв» мерекелерін тойлайды. Іс-шара ұйымдастырушылары бұл мерекелердің жоралғылары жөнінде баяндап берді. Сонымен қатар, бірлестіктің төрайымы Елена Ивановна Софронова барша жиналған қауымды мерекемен құттықтай отыра ашық аспан мен аман-саулық тіледі. Ал орталықтың белсенді қатысушылары алғыс хатармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара шеңберінде көрермендер арасында сұрақтар қойылып, викториналар өткізілді. Бұл ойындар арқасында барлық қонақтар чуваш халқының дәстүрлері туралы көп мағлұмат алды.

Фото

6426

Фото

6427

Фото

6428

Фото

6429

Фото

6430

Фото

6431