6615Экспедицияның алғашқы күнін Баянауыл жерінде өткіздік. Бұл өлке көптеген әндер мен аңыздарда мадақталады. Орта ғасыр философы Асан Қайғы оны жұмақтай жер деп атады. Қазақтың ұлы ағартушысы Шоқан Уәлиханов Баянауылдың атауы моңғол тілінен бай, бақытты таулар деп аударылғанын атап өтті. Біздің Президент Нұрсұлтан Назарбаев Баянауылдың барлық қазақстандықтар үшін қасиетті орын екенін баса атап өткен болатын.

Шынында да, бұл өлке – аса сұлу жер, кіршіксіз табиғаты өсімдіктер мен жануарлар әлеміне бай. Мұнда табылған 460 өсімдіктің 50-ден астамы реликт (көне қалдық) өсімдіктен тұрады, яғни олар бірнеше ондаған миллион жыл бұрын пайда болған. Біздің жол көрсетушіміз, жергілікті өлкетанушы Жұман аға қара жалбыз, жемістер, арша, жабайы таңқурай және қарақат туралы әңгімелеп берді. Бұл – шексіз далалар арасындағы жасыл арал. Мұнда қатты дауыл мен құмды құйындар жоқ. Ең қаһарлы  қыста да малдың жаппай өлімі мен азық-түліктің жоқтығы байқалмаған.

Баянауыл – ертегілер мен аңыздар жері. Әсіресе, көптеген аңыздар Торайғыр көлімен байланысты. Олардың біріне тоқталатын болсақ, аңызда былай дейді:

Айдаболдың ұрпағы Едігеден үш ұл тараған. Үлкен ұл туылғанда ... әкесі түсінде ұядағы қарғаны көреді. Екінші ұлы Шон дүниеге келгенде, әкесі қанатының астында олжасы бар бүркітті көреді. Кенже ұлы Торайғыр дүниеге келгенде, әкесі құстарды аулап, кейін оларды таратып жүрген баланы көреді. Бірінші ұлы шаруашылықпен айналысты және одан басқа қиыншылықтары болмады. Екінші ұлы Баянауылдың сыртқы ауданының аға сұлтаны болды. Кенже ұлы Торайғыр өскенде әділ би және батыл батыр ретінде танымал болған. Кейін адамдар оның есімімен көлді Торайғыр деп атап кеткен.

Торайгыр көлі бірегейлігімен ерекшеленеді. Біріншіден, бұл – Баянауыл ұлттық саябағындағы ең жоғары көл. Екіншіден, бұл – балығы мол көл. Мұнда алабұға мен тұқылар көптеп келеді. Үшіншіден, бұл – демалуға арналған тыныш орын. Ондағы су түбінің тұнбалы және көп мөлшердегі мүктің болуына байланысты сарғыш түсті болып келеді. Суы мұздай, бірақ адамдарға салқын тимейді.

Бұл жерлерді ежелгі заманнан бері адамдар игеруде және ол көптеген археологиялық олжалармен дәлелденеді. 1940 жылдары атақты қазақ археологы және этнографы Әлкей Хақанұлы Марғұлан, Баянауылдың тумасы, «мұртты қорғандар» деп аталатын көне көшпелі сақтардың жерленген жерлерін тауып, зерттеді. Қазір бұл жерде ашық аспан астындағы мұражай бар. Ерекше бізді таң қалдырғаны – меңгірлер – тігінен орналастырылған тасты тіректер, бұл жартастарға салынған суреттер – петроглифтер бар.

Біз, ата-бабаларына табынатын ежелгі тұрғындар секілді өздеріміздің тілектерімізбен осы жерде орналасқан «тас әйелдерге» жүгіндік.

Торайғыр көлінің маңында қандыағаш шоқ орманы мен Баянауыл тау тізбегінің бірнеше жартастары бар. Бұл таулардан ағатын бұлақтар барлық көлдерді құнарландырады. Бұл таулар жанартаулардан шыққандығын атап өту керек. Бұл олардың қызықты пішіндерін түсіндіреді: Кемпір тас, Найза тас, Көгершін тас, Атбасы тас, Тас машина, Ұйқыдағы сұлу, Ұлу, үш метрлік сарқырамасы бар Құман үңгірі және басқалар. Барлық жерлерде шелпектер тәрізді ірі тастар шашырап жатыр.

Торайғырға ең жақын орналасқан жартастың бірнеше атауы бар: Серкетас (бүркіттің ешкіні көтеріп апарған құздың басы), Сәкен шыңы (бұл жерде кеңес қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллин патшалық қуғын-сүргін кезінде жасырынған).

Ең биік Ақбет тауы (биіктігі 1022 м) аңыздарға толы. Оның етегінде 7 тас шоқысы, ал төменде, көлге жақын – айдаһардың 3 тас басы орналасқан. Аңыз бойынша, бұл жерлерді жат жерлік жаудан қорғаған 7 ағайынды тасқа айналған.

Сондай-ақ таудың аты Ақбет есімді қызбен байланысты, Ақбет сүйікті адамынан айырылып, қалыңмал үшін бай кәрі шалға сатылған. Сол себептен жас қыз таудан секіріп, қайтыс болады. Дегенмен, адамдар айнаға қараған секілді өзінің сұлулығына сүйсініп, көлге мәңгі қарап тұрған, тасқа айналған бұл сұлу қыз туралы аңызды есте сақтады.

Біз Торайғыр ауылында орналасқан С.Торайғыров кесенесі мен мұражайына бардық. Мұнда жергілікті тұрғындардың айтуынша, емдік қасиеттері бар Әулие Бұлақтың суын іштік.

Мұндай киелі қасиеттерге Әулие Тас немесе Қоңыр Әулиенің үңгірі де ие, Қоңыр Әулие үңгірі туралы аңыз осы жерде үлкен тасқыннан құтылған қарт Қоңыр есімімен байланысты. Үңгірдің ұзындығы 30 метр. Аңызға сүйенсек, бұл үңгірден бетіне су бүркіген адамдар әртүрлі аурулардан айығады, бала көтере алмай жүрген әйелдер балалы болады.

Бұдан әрі жолымызда Қалпақ жартасы тұрды, ол Торайғыр көлінен Баянауылға дейінгі ең қысқа жолды көрсететін бағдар қызметін атқарады. Ежелгі уақытта мұнда мал жайылып, сауда керуендері өтетін, сондай-ақ қазақ халқы бұл жартас арқылы дала мерекелеріне асығатын.

Бұл күндері аудан басшылығы мұнда қазіргі заманға сай жол салған, бұл жолды жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар қауіпті бұралаң тау жолынан өтуге мүмкіндік береді.

Жасыбайдың жағалау аумағы жақсартылды. Туристер пирске барып, көлдің нақ ортасында орналасқан Махаббат деп аталатын аралдың әсемдігінен ләззат алады. Көз жетер биіктіктен бұл арал жүрекке ұқсайды және бұл жерде болған ғашықтар бақытты болады деп иланған жастар арасында кеңінен танымалдыққа ие.

Өздеріңіз білетіндей, бұл көлдің аты Жасыбай батырдың есімімен байланысты, ол басқа батырлармен бірге осы жерлерді жоңғар жауларынан қорғады. Ұзақ уақыт бойы Жасыбай тасжолындағы ағашқа лента байлау дәстүрі, сондай-ақ батырдың қабірінде тастарды салғызу және тілек тілеу дәстүрі сақталды.

Көлдің суы мөлдір, сондықтан сіз түбін көре аласыз. Мұнда моторлы қайықтар мен скутерлерді пайдалануға тыйым салынады. Туристерге ескекті қайықтар мен катамарандар беріледі. Сондықтан көлдегі судың ерекше тазалығы сақталады.

Біздің экспедиция Сабындыкөл көлінің жағасында орналасқан Баянауылға қарай жүрді. Аңыз бойынша, сұлу Баян сабынды суға түсіріп алады, сондықтан бұл көлдегі су көбіктене береді. Бірақ, шын мәнінде, бұл көлдегі сілтілердің көп болуына байланысты.

Облыс орталығында Қ.И.Сәтбаев атындағы мұражай экспозицияларымен таныстық.

Экспедицияның келесі күнін академик Сатбаевтың туған жері Тендік ауылында өткіздік. Сәтбаев атындағы мектепке бардық. Ауылдан 1,5 км қашықтықта Ащы өзенінің жағалауында ХІХ ғасырдың көрнекті тарихи тұлғасы, Баянауыл округінің аға сұлтаны Мұса Шормановтың қабіріне барып, зиярат еттік. Ауылдың басшылығы тарихи ескерткішті қалпына келтіру үшін зор жұмыс жүргізуде. Мұса Шормановтың мемориалдық кешені салынуда.

Баянауылдың бай тарихы, оның ерекше табиғаты, флора мен фаунаның теңдессіз сұлулығы – бұның барлығы осы көркем аймаққа барғаннан кейін біздің есімізде мәңгі сақталады. Баянауылдың көлдері мен тауларының түрлері бізді таңғалдырды және рухтандырды. Ал қасиетті бұлақтардың «мөлдір суы» өлкенің киелі қасиетін түсінуді одан әрі нығайтты.

Фото

6615

Фото

6616

Фото

6617

Фото

6618

Фото

6619

Фото

6620

Фото

6621

Фото

6622

Фото

6623