- Толығырақ
-
Жарияланды 18 Маусым 2018
Жаздың алғашқы күндерінен бастап Павлодар қаласынының орталық саябағында облысымызда өмір сүретін этностардың мәдениеттерінің күндерін өткізу игі дәстүрге айналды. Өткен жексенбіде саябақта корей мәдениетінің күніне арналған мерекелік бағдарлама өткізілді. Мерекеге корей облыстық этномәдени бірлестіктің мүшелері, Успен, Павлодар аудандарында ашылған орталық бөлімшелерінің белсенді қатысушылары, сондай-ақ Алматы қаласының корей орталығынан келген құрметті қонақтар атсалысты. Бұл күні саябақта үлкен концерттік бағдарлама, қолөнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Қала тұрғындары мен қонақтары корей халқының ұлттық тағамдарынан дәм тату мүмкіндігіне ие болды.
«Жазғы уақыт – бұл «Бір отбасында тұрамыз» атты өңір жұртшылығын 20 жылдан бері қуантып келе жатқан фестивальдің кезеңі болып табылады. Биылғы жылы фестивальді болгар этномәдени бірлестігі ашқан болатын, кейін бұл эстафетаны «Эльбрус» қарашай-черкес және қабарда-балқар этномәдени бірлестіктері жалғастырды, ал бүгінгі дүбірлі мерекенің ұйымдастырушылары корей этномәдени бірлестігі атанды. Бүгінгі мерекеге Успен, Павлодар аудандарынан және Ефремовка ауылынан шығармашылық ұжымдардың қатысып отырғаны баршамызға қуанышты. Осыған байланысты барлық мереке қатысушыларын шығармашылық табыстар, денсаулық, бейбітшілік және сәттілік тілеймін» - деп айтып өтті облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, фин-угор облыстық этномәдени бірлестігінің төраымы Николашина Ольга Леонидовна.
Бағдарлама барысында өздерінің жарқын билері және әндерімен «Анён» шығармашылық ұжымы барша жиналған қауымды тамсандыра білді. Сонымен қатар, бірлестіктің вокалды кавер топтары мен заманауи би ұжымдары, «Ариран» вокалды ансамбілі және Алматы қаласынан арнайы келген «Движение», Павлодар ауданынан келген ансамбілдер халықтың көзайымына айналды. Мерекеге қатысқан барлық әншілер мен бишілер алғыс хаттармен марапатталды.
«Бүгінгі күні біздерді бірлестігіміздің бүлдіршіндері қайта қуанта білді. Осы орайда осындай креативті жастарды тәрбиелеуге үлестерін қосып келе жатқан барлық азаматтарға алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, бүгін тамаша бағдарлама дайындаған шығармашылық ұжымдарға да алғысым шексіз. Барлықтарыңызғы зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін» - деді құттықтау сөзінде облыстық корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ким Раиса Самсоновна.
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото