- Толығырақ
-
Жарияланды 02 Шілде 2018
Павлодарда Гагарин саябағында Ұлттық домбыра күніне орай 200-ге жуық адам бір мезетте Жаяу Мұса Байжанұлының «Құм жылан» күйін орындады.
Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбековтың айтуынша, шараға облыстың аудандарынан және жергілікті өнерпаздар жұмылдырылған.
- Бүгін өңірде айтулы мерекеге орай түрлі мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылды, - дейді Ардақ Райымбеков. - Бұқар жырау атындағы өнер және әдебиет музейінде ашылған залда жергілікті белгілі тұлғалардың 20-дан астам домбырасы қойылған. Түстен кейін көркемсурет музейінде жергілікті суретшілердің картиналар көрмесі, мәдениет және демалыс саябағында Ақсу қаласы көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы өтеді. Кешке төменгі жағажайда «Әсерлі ән сал, домбыра» атты фестиваль жоспарланған.
Сонымен қатар басқарма басшысы қазақ ұлттық аспаптар ансамблі мен музыкалық колледждің домбыра ұлттық оркестрі Елбасының қатысуымен Астанада өтіп жатқан үлкен фестивльде өнер көрсетіп жатқанын атап өтті.
Бұдан басқа, саябақта Қазақстан халқы ассамблеясы мен татар-башқұрт этномәдени орталығының ұйымдастыруымен Сабантой мерекеленді.
Ақбота Сейсенбаева
pavlodarnews.kz
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото