6383Өткен демалыс күні Павлодар қаласының мәдениет және демалыс саябағында «Бір отбасында тұрамыз» атты жазғы фестивалі аясында казак мәдениетінің күні өтті. Іс-шара Астананың 20-жылдығы мен Павлодар облысының 80-жылдығына орайластырылды. Павлодар қаласының жұртшылығы мен қонақтары, облыстық ҚХА мүшелері, Ямышево және Песчаное ауылдарының және Ақсу қаласының шығармашылық ұжымдары мереке қонақтары атанды.

Мереке басында облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы өз құттықтауын білдірді. «Бүгінгі шуақты күні казак мәдениетінің күніне орай біздер тамаша бағдарламаның көрермендері болып отырмыз. Казактар өздерінің мәдениетін, ән және би өнерін дамыта отыра еліміздегі келісімді дамытуға үлестерін қосып отыр. Осы орайда этномәдени бірлестіктің төрағасы, атаман Городничев Сергей Ивановичқа ерекше алғысымызды білдіреміз. Барлық жиналған қауымға бол бақыт, ашық аспан және сәттілік тілеймін» - деді ол.

Бұл күні мереке ұйымдастырушылары көрермендерге қызықты әрі бай концерттік бағдарлама ұсынды. Мереке «Ертіс казактары» халық ансамбілінің орындауындағы әнімен ашылып, «Вольница» ансамділінің көңілді биімен жалғасты. Өз өнерін орталықтың ең жас ансамбілі Песчаное ауылынан келген «Станица» ансамбілі де көрермендерге паш етті. Ямышево ауылынан келген «Раздолье» атты шығармашылы ұжымы да бұл күні алғашқы рет үлкен сахына төріне шыққан болатын. Сонымен қатар, мереке барысында сахына майталмандары казак әндерінің ансамбілдері -  «Поречье», «Прииртышье», «Воля», Ақсу қаласынан келген «Рябинушка» ұжымы және «Родничок» балалар ансамбілі өз өнерлерін ортаға салды.     

Мерекелік бағдарлама жоғары жеңгейде өтті. Мереке соңында бірлестіктің және шығармашылық ұжымдардың қатысушыларына алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Фото

6383

Фото

6384

Фото

6385

Фото

6386

Фото

6387

Фото

6388

Фото

6389

Фото

6390

Фото

6391

Фото

6392

Фото

6393

Фото

6394