8572Павлодарда Румыния фотографы Самоилэ Мырзаның көрмесі ашылды Г. Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейіне Румынияның фотографы Самоилэ Мырзаның 62 жұмысы әкелінді.
Шараға Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасындағы Румыния елшілігінің сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Чезар Маноле Армяну, облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов, қала тұрғындары мен жастар қатысты.

Толығырақ...

8559

16 қазан күні "Қоғамдық келісім" КММ - де облыстық облыстық ҚХА жанындағы "Ақсақалдар алқасы " құрылғанына 10 жыл толуына арналған  іс-шара өтті. Отырысқа облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары, "Ақсақалдар алқасының" мүшелері, мемлекеттік органдар мен жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Толығырақ...

8552

15 қазан күні Достық үйінде Зара Қабдешқызы Қожахметованы еске алуға арналған кеші өтті. Зара Қабдешқызы – Павлодар облысының құрметті азаматы, ҚР парасат орденінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік алтын» медальдердің иегері, педагогика саласының ардагері, қоғам қайраткері, өңірлік «Қазақстан мұсылмандар әйелі лигасы» («Нұр- Ана әлемі») қоғамдық бірлестігінің негізін қалаған, жиырма жылдан аса төрағалық еткен.

Толығырақ...

8534

Жиынға облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Аналар кеңесі, «Жаңғыру жолы» РЖҚ жергілікті штабы, ғылыми-сарапшылық топ мүшелері, Қ. Даржұманұлы атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің ұстаздары қатысты.
Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Ерлан Құсайынның айтуынша, экспедицияның құрамына елге белгілі азаматтар, ақындар, әншілер мен күйшілер, тілшілер, аудармашылар, ұстаздар кірген.

Толығырақ...

8518

Статистикаға сәйкес бүгінгі таңда Павлодар облысында шамамен 1000 болгарлықтар тұрады екен. Осы ұлт арасында педагогтар, құрылысшылар, дәрігерлер, басшылар, кәсіпкерлер және саясаткерлер де баршылық. Олар тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі үшін білімін, білік-дағдыларын және барлық күш-жігерін салған. Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен болгарлықтарға өз тілін үйрену, салт-дәстүрлерін дамыту және жаңғырту үшін барлық жағдай жасалған.

Толығырақ...