- Толығырақ
-
Жарияланды 28 Қыркүйек 2019
Өткен демалыс күні Павлодар ауданы Кеменгер ауылында корей мәдениетінің фестивалі өткен. Іс - шара Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының дипломатиялық қарым-қатынасының 27 жылдығына және "Жастар жылы"аясында өтті.
Бұл күні Павлодар облысы корей этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдары өздерінің ең жарқын әндерін, билерін, мәдениетін көрсетті.
Фестивальға Павлодар ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ержан Рахимжанов, Павлодар ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Малика Калиева, Павлодар облысының корей ЭМБ төрағасының орынбасары Раиса Самсоновна Афанасьева, Ефремовка ауылының корей ЭМБ төрайымы Светлана Шин, шығармашылық ұжымдардың қатысушылары және Кеменгер ауылының тұрғындары қатысты.
Концертті дәстүрлі корей халық «Ариран» әнімен ашты. Мерекелік концерт барысында корей этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдары: "Кымпитсори" вокалдық тобы, "Анен" хореографиялық ансамбілі, "Хэт пит" вокалдық тобы, "Dopе" кавер-тобы, "Flower Power" заманауи би тобы өнер көрсетті.
Бейбітшілік пен келісімді нығайтуда этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей үлгісі болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясы үлкен жұмыс жүргізуде. Көпэтностық- біздің ортақ ұлы қазынамыз. Міне, 24 жыл бойы Қазақстан халқы Ассамблеясы бейбітшілік, тұрақтылық пен келісімнің басты сақтаушысы міндетін атқарып келеді.
Бірнеше жылдан бері Қазақстанда К-рор музыкасының көптеген фестивальдері өткізіліп келеді. Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы корей орталығының жастар қанаты ұйымдастырған "К-рор star КZ" облыстық фестивалі 3-ші жыл қатарынан өткізіліп келеді.
Міне, 29 жыл бойы Павлодар облыстық этномәдени бірлестігі Қазақстан халқының бірлігі мен нығаюына үлкен үлес қосып келеді, корей тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрлерін жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Іс-шара соңында, корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Раиса Самсоновна қатысушыларға қатысқандары үшін алғысын білдіріп, әр үйге жақсылық пен бейбітшілік тіледі.
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото
Фото