855215 қазан күні Достық үйінде Зара Қабдешқызы Қожахметованы еске алуға арналған кеші өтті. Зара Қабдешқызы – Павлодар облысының құрметті азаматы, ҚР парасат орденінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік алтын» медальдердің иегері, педагогика саласының ардагері, қоғам қайраткері, өңірлік «Қазақстан мұсылмандар әйелі лигасы» («Нұр- Ана әлемі») қоғамдық бірлестігінің негізін қалаған, жиырма жылдан аса төрағалық еткен.
Зара Қабдешқызы 1940 жылы 12 қазанда Павлодар қаласында туылған. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының география- жаратылыстану бөліміне түсіп, оқу орнын аяқталғаннан кейін, еңбек жолын № 10 қазақ орта мектебінде география мұғалімі болып бастайды. Аталған ұжымда 30 жыл бойы ұстаздық етті. Көп жылғы ұстаздық қызметтегі нәтижелі еңбегі үшін «Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі» атағына ие болды, Еңбек ардагері медалімен марапатталды, есімі Павлодар облысы ұстаздарының «Алтын қоры» тізіміне енгізілді.
Осы кеште Зара Қабдешқызы туралы оның шәкірттері және әріптестері өте көп жақсы сөз айтыпты. Максилова Бақытжамал Шаханқызы – Зара апамыздың шәкірті, ізін жалғастырушы, Павлодар облыстық «Нұр- Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы өзінің жақсы естеліктерімен бөлісті. Іс- шарасында «Нұр- Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің апалары әдемі әндерін паш етті.
Зара Қабдешқызы Қожахметова үш бала тәрбиелеп өсірді. Үлкен қызы Роза, ұлдары Мұрат, Асқар бүгін де өз жолдарын тауып үлкен мәуелі отбасын құрды. Зара анамыз 7 немере, 1 шөбере сүйген.
Ел анасы атанған Зара Қабдешқызы есімі келешек тарихтың парақтарына қатталып, аяулы бейнесі болашақ ұрпақтың жадында мәңгі сақталары сөзсіз.

Фото

8552

Фото

8553

Фото

8554

Фото

8555

Фото

8556

Фото

8557

Фото

8558