3746

 

 

1 тамызда Павлодарда Досық үйінің алаңында «Ақ орамал» республикалық акциясы бастау алды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың   Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін қолай отырып облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының әйелдер қауымы бейбітшілік үшін, саналылық және сұхбат үшін, жаппай қырып-жоятын ядролық және басқа да қару-жарақ түрлерінен бас тарту үшін алға шықты.

Ақ орамалдың қазақтардың тарихында философиялық мағынасы  терең.

Ақ түс – тазалықтың белгісі, адамның ойы мен жан-дүниесінің пәктігін білдіреді; бұл – адамзат өмірінің негізі – ананың ақ сүтінің түсі; бұл – абыройдың, ізгіліктің, аманатқа адалдықтың белгісі.

«Ақ oрамал» акциясының негізіне дана халқымыздың ежелгі дәстүрі – татуластыру салты алынған: әйел-ананың басындағы орамалын шешіп, жауласушылардың ортасына тастауы олардың            жанжалды тоқтатуына себеп болған.

Іс-шараға қатысушы, барлық әйелдердің сөзінде, ол депутат не жас ана, журналист немесе басшы болса да, барлығының ойы бір: біз балаларымыздың, немерелеріміздің болашағын ойлауымыз керек, сондықтан, өткеннің қателігін болдырмау үшін, бейбітшілік, тыныштылық пен тұрақтылықты сақтау үшін біз күшімізді, көп ұлтты елдің және бүкіл әлемнің миллиондаған адамдарының күшін біріктіруіміз керек.   

Акция қатысушыларының аспанға ұшырған ақ шарлары барлық жиналған әйелдердің тілегі мен үмітін білдірген символы болды.

 

Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Б.Ш.Максилова Павлодар облысының қалалары мен аудандарындағы аналар кеңестерінің өкілдеріне– ақ орамалдың бөлігі,  адамның ойы пәктігінің, аналық пен адамзат негізінің белгісі ретінде ақ орамал табыс етті.  Қалалар мен аудандарда елдің барша азаматтарын «Ақ орамал» акциясын өткізуге қатыстыру арқылы олардың этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландырып  «Ақ орамал» акциясын өткізуді бастау алу керек.

ЭМБ жұмысы бойынша бөлім басшысы А.А.Орымбаева

 

Мәтінді аударған Н.Х.Смагулова