3703

Қалалықтардың ең сүйікті отралық саябағында әзербайжан халқының мәдениеті күніне, әдеттегіндей, көп халық жиналды. «Ватан» әзербайжандар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұжымдары осы күні павлодарлықтарға ұлттық киімдерді, салт-дәстүрлерді, көркемөнер кәсібін, ұлттық тағамдарды ұсынды.

Басқа халықтарда сияқты әзербайжан этносында да көптеген қызықты «суннат той»,  «башлық төлеу», «чябин» сияқты т.б. салты, дәстүрі мен ырымдары бар. Осы күні іс-шараның ұйымдастырушылары қонақтарды «нишан» (құдалық) салтының элементтерімен таныстырды.

Салт бойынша, құдалық күні құдалар табақтарымен келіннің үйіне барады. Оларды үстелдің төріне отырғызады. Қыздың туыстары да бұлшараға қатысады, ал қалыңдықты басқа бөлмеге алып кетеді. Келіннің үйінде той қуанышты өтеді, үлкен дастархан жайылады. Келінге сыйланған көптеген сыйлықтардың арасында, күйеу бала туыстары сақина мен орамал алып келеді. Мереке қызған шақта күйеу жігіттің тәтесі немесе үлкен әпкесі келінді қонақтарға апарып, саусағына сақина кигізеді. Ол «сыймайды» деп айтадыжауап береді. Сол кезде қызға құнды бір нәрсе сыйлайды. Сыйлықты алғаннан кейін ғана сақина қыздың саусағына сыяды! Содан соң қыздың басына қызыл орамал тағылады, бұл қуаныш, махаббат және бақытты білдіреді. Артынан келінді туған-туыстары мен құрбылары құттықтап, сыйлықтарын сыйлайды. Өз кезегінде келін өзінің қонақжайлылығын білдіріп, қонақтарға тәтті шай тарту етеді.

Өзінің атқарған қызметі аралығында әзербайжан этномәдени бірлестігі этносаралық қатынасты дамыту мен нығайтуға зор үлесін қосты және Ертістің Павлодар өңірінің көпұлтты әр алуандылығына қайталанбас бояу қосты. «Біз, Қазақстанның барлық халқы сияқты, ең қымбат – халқымыздың бейбітшілігі мен бірлігін сақтау, қол жеткізгенімізді одан әрі дамыту үшін барлық күшімізді саламыз. Өз күшімізбер, сонымен қатар шығармашылығымызбен халқымыздың одан әрі тату және мықты болу үшін бәрін жасаймыз» - деді өз сөзінде «Ватан» әзербайжандар этномәдени бірлестігінің төрағасы Джафар Джафарович Махмудов. Сондай ақ, ол барлық қонақтарға көтеріңкі көңі-күй мен жақсы демалыс тіледі.

 

Жиналған қауым іс-шара шеңберінде бірлестіктің хореографиялық және вокалдық ұжымдарының, әншілердің және Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушыларының бағдарламасын тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараны Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, әншілер және баға жетпес жүргізушілер Мақсат Батырбеков пен Екатерина Селиванова «Қазақ елі осындай» әнімен аяқтады.

 

Айтпаев Мақсат 

 

 

Фото

3704

Фото

3705

Фото

3706

Фото

3707

Фото

3708

 

Фото

3709

Фото

3710

Фото

3711

 

Фото

3712

Фото

3713

Фото

3714

 

Фото

3716

Фото

3716

Фото

3718