3695

 

Жексенбілік шуақты күні қалалық мәдениет бағы тағы бір мәрте «Бір шаңырақ астында» жазғы фестиваль алаңына айналды. Осы жолы саябақта шешен-ингуш мәдениетінің күні өтті. Оған «Халкъан Барт» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдары қатысты.

Мереке «Отан» әнімен ашылды. Шешен-ингуш этносының үлкені де, кішісі де мемлекеттік тілді білу мен үйрену әрқайсысының  азаматтық парызы деп санайды. Вайнахтардың фестивалдік бағдарламасында шешен-ингуш әндерімен, билерімен, өлеңдерімен қатар таза қазақша сөздер, қазақша әндер айтылды, оларға барлық көрермендер бірге қосылып отырды.

Би халық мәдениетіннің бір көрінісі болып табылады. Ұлттық сипатты айқын көрсететін, тәкаппар және айбынды би – кавказ лезгинкасын бүкіл әлем таниды және сүйсінеді. Іс-шара шеңберінде «Шовда» би ансамблі қонақтарға арнап «Қыздар биін» орындады, «Ловзар» ансамблі «Ламан хой» балалар биін орындады. Патриоттық тақырыпты «Илли» вокалдық ансамбльдің орындауында «Мой Казахстан» және «Алға Қазақстан» әндері жалғастырды.

Жуырда өткен Республикалық «Қазақстан дарындылары» - «Таланты Казахстана» сайысында «Деймохк» би ансамблі 1-ші орын алғанын қуанышпен атап өтуге болады. Осы күні «Деймохк» «Лоамон серло» вайнах халықтық биін орындады.

2015 жылы «Халкъан Барт» шешен-ингуш этномәдени бірлестігі өзінің 20-жылдығын атап өтті, көптеген белестерді бағындырып, жетістіктерге жетті. Ең бастысы, осы уақыт аралығында бірлестік Ертіс өңірінің вайнах халқының рухани шоғырлануна, аға буынмен, жастар және балалар арасындағы байланыс түйініне айналды. Осы туралы этномәдени бірлестіктің төрағасы Мумади Абдурашид айтып өтті. Ол фестивальдің барлық қатысушыларына, көрермендер мен қонақтарына алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. Макитова Алима мен Бисембай Куат жоғары кәсібилігі және адал еңбегі үшін Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының алғыс хатымен марапатталды.

 

«Екеуі бірігіп, тауды да орнынан қозғайды» - деген кавказ халықының даналығы бар. Еліміздегі әртүрлі ұлттың өкілдерін «Біз Қазақстан халқымыз!»  маңызды ұғымы біріктіреді. Біздің күшіміз осында! – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

 

Айтпаев Мақсат

 

 

Фото

3696

Фото

3697

Фото

3698

Фото

3699

Фото

3700

Фото

3701

Фото

3702