3693

 

14 маусымда Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-ге Астана қаласындағы Польша Республикасы Елшілігінің вице-консулы Даниел Брачишевски Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев және «Полония» поляктар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Виталий Зифридович Свинцицкимен кездесті.

Вице-консулдың айтуынша, іссапарының басты мақсаты – «Полония» облыстық поляктар қоғамы мен Достық үйінің жұмыстарымен танысу болды. Сондай-ақ осы күні вице-консул 2016 жылғы шілдеде өтетін Бүкіләлемдік жастар күнін мерекелеуге Краков қаласына шығуды жоспарлап отырған азаматтардың құжаттарын қабылдау бойынша жұмысты жүзеге асырды.

Хатшылық меңгерушісі, Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев 24 облыстық этномәдени бірлестіктердің, облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің, Аналар кеңесінің, жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің және журналистер клубының барлық жетістіктері, олардың облыстық ҚХА хатшылығымен және Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесімен өзара әрекеттестігі туралы айтты. Сондай-ақ кездесу шеңберінде Достық үйі бойынша экскурсия болды. Қонаққа облыстық этномәдени бірлестіктердің кең кеңселері, оқу кабинеттері, Достық үйінің екінші қабатында жайғасқан Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі көрсетілді. 

 

«Польшада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық үйі сияқты мекемелер жоқ. Мен болған елдің ешбір жерінде дәл осындай тәжірибе жетілмеген. Бұл ұйымдар өздері нақты жұмыс істеп, жақсы нәтижелерімен ерекшеленеді» - деп Даниель Брачишевски өз пікірімен бөлісті.

 

Мақсат Айтпаев 

 

 

Фото

3694

Фото

3693