5 маусым күні Ақтөбе қаласының бірнеше жерінде болған атыс елімізді дүрліктірді. Өкінішке орай, бұл оқиға бейкүнә бейбіт тұрғындар мен сарбаздардың кенеттен күтпеген өліміне әкеп соқты.

 

Бұл күні құқық қоғау органдары осы қылмыстық акцияға жол бермеу, террористерді жою мен бейтараптандыру бойынша қажетті шараларды қолданды. «Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз өмірлерін аямай террористерді тоқтатты. Олар кәсіпқойлығын, өз борышына деген адалдығын, ерлігі мен отансүйгіштігін көрсетті» - деп Елбасы белгілеп өтті.

 

Біз БАҚ-тан ланкестік әрекеттерден қаза болғандарды жерлеу рәсімі болғанын білдік. Ақтөбе қаласында Андрей Моксименкомен, Николай Онищенкомен және Михаил Мотросовпен қоштасуға тек туған-туыстары ғана емес, ауыр қасіретке ортақтасқан барлық қалалықтар да келді.

 

         7 маусым күні ОҚО-да ланкестік әрекет кезінде қайтыс болған, 19  жасар сарбаз Досбол Сапарды жерледі. Досбол серіктесімен бірге әскери бөлімнің аумағында күзетте жүрген кезде қарулы қылмыскерлер баса көктеп кірді.

 

Алматы облысында 5 маусым күні ланкестердің шабуылы кезінде қайтыс болған, 40 жасар офицер Даниэл Майлыбаевпен қош айтысты. Оның артында әйелі мен төрт баласы қалды.

 

         8 маусымда Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Жақсыбай кентінде экстремистердің қолынан қаза болған кіші сержант Берік Қалиевті жерленді. Оның әйелі мен төрт баласы қалды.

 

         Ланкестердің қолынан құрбан болғандардың туған-туыстарымен бірге қайғырып, отандастарымыздың отбасылары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз.

 

         Ойға сыймайтын қылмыстық акт бейбіт адамдардың өлімі мен халықтың үрейін ұшырудың себебі болды. Қылмыскерлердің мақсаты да сол еді. Ал түбегейлі мақсаты елімізді тұрақсыздандыру мен билікті басып алу.

 

Қатыгез қанішерлер өздерін қылмыстарын лақап діни ұрандарымен ақтайтындарын көреміз.

 

Терроризмнің ұлты пен діні жоқ. Осындай әрекет қасиетті Рамазан айының қарсаңында жасалды, бұл жағдай ланкестердің қасиетті дінмен еш ортақтығы жоқ екенін тағы бір мәрте дәлелдейді. Себебі, Ислам шын сенушілер үшін бейбітшіліктің, жақсылықтың, шыдамдылық пен өзара сыйластықтың қайнар көзі болып табылады.

Осы орайда, барлық қазақстандықтардың басты құндылығы тәуелсіздік, келісім мен тұрақтылық екенін әрдайым жадымызда сақтауымыз керек. Барлық қиыншылықтарды жеңу үшін барлығымыз бірігіп, өзара сыйластық пен сабырлық сақтауымыз керек. 

О.Ә.Қайыргелдинов

Павлодар облысы әкімі аппаратының

 

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы