3662

Павлодарда «Бір шаңырақ астында» жылсайынға жазғы фестиваль бастау алды. Аталмыш фестиваль шеңберінде 24 облыстық этномәдени бірлестік қала тұрғындары мен қонақтарын өз этносының өзіндік мәдениетімен және дәстүрімен таныстырады.

Осы жылы фестиваль «Қымызмұрындық» қазақ халқының ең жарқын мерекелерінің бірімен ашылды. Қымыз мерекесі кең ауқымды өттіп, үлкен халықтық сайранға айналды. Барлық қонақтарды қонақжайлылықпен, молшылықпен, халықтық таланттармен, әндермен, билермен және шаттықпен қуантты.

Ата заманнан келе жатқан мереке осы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналды. Іс-шараны «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Дәстүр бойынша «Қымызмұрындық» мерекесі Ақсу, Екібастұз қалалары мен Баянауыл, Ақтоғай, Железин, Ертіс, Қашыр, Май, Павлодар, Лебяжі және Успен аудандарынан қонақтарды жинады. Құрметті қонақтардың арасында – құрметті ақсақалдар, этномәдени бірлестіктердің мүшелері және қоғам өкілдері болды.

Осы шуақты күні қалалық саябақ нағыз қазақ ауылына айналды. Арнайы мереке үшін бір тоннадан астам қымыз бен жарты тоннадай бауырсақ дайындалды. Бауырсақтар саябақ алаңында қазанда пісірілді. Барлық қонақтар үшін 12 кигіз үйдің есігі ашық болды, қалаушылар таңнан бастап емдік сусын мен ұлттық тағамнан ауыз тие алды. Ал мерекелік сахнада «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің облыстық және аудандық филиалдарының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен үлкен концерт өтті.

Ұлттық мерекенің терең тарихы бар. Ежелгі дәстүр бойынша бірінші саумадан жиналған қымыз көршілер мен қонақтарға таратылып беріледі. Қазақ шеберлерінің айтуынша, қымыздың  жиырма бестен астам түрі бар. Мамырдағы қымыз – уызқымыз – ең құндысы, ақ уыздан жасалады. Маусымдық – сарықымыздың сарғыш түсі болады, ал шілде айында дайындалатын құнарқымыз өзінің нәрлілігімен бағаланады.

 

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Қазбекұлы Қасенов өз сөзінде жылсайынғы «Қымызмұрындық» мерекесі павлодарлықтар үшін дәстүрлі мерекеге айналды деп белгілеп өтті. «Бұл біздің мемлекетімізде тұрып жатқан барлық этностар арасындағы достықты нығайтатын, халықты біріктіретін мереке» деп атап өтті. Бауыржан Қазбекұлы сусынның тарихы және оның пайдалы құрамы туралы да айтып өтті. «Қазақстан Алтай өлкесі аймағында қолға үйретілген аттың сүйегі мен біздің кезге дейін 5 мың жылдан астам уақыт өткен қымыздың майлы қалдықтары қалған ыдыстар табылды. Бұл емдік сусынның ежелгі тарихының айқын айғағы. Сондай-ақ, қымыз ағзадана радионуклидтерді шығаратын сусын екенін атап өту керек» - деді ол. Өз сөзінің соңында облыс әкімінің орынбасары аймақ тұрғындарының барлығына денсаулық пен амандық, сонымен қатар осы күнідері егін салу жұмыстарын аяқтап жатқан дихандарға жемісті жыл тіледі.

 

Мақсат Айтпаев

 

 

Фото

3663

Фото

3664

Фото

3665

Фото

3666

Фото

3667

Фото

3668

Фото

3669

Фото

3670

Фото

3671

 

Фото

3672

Фото

3673

Фото

3674

Фото

3675

Фото

3676

 

Фото

3677