3678

10-ыш маусым күні Достық үйінің алаңында «Ақ орамал» атты акция өтті. Жуырда Ақтөбе қаласында болған қайғылы оқиғаларға орайластрылған шараны облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесі ұйымдастырды. Іс-шараға Аналар кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің қатысушылары, Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары мен мұғалімдері, облыстық ҚХА хатшылығының және «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің мамандары – барлығы 100-ден астам адам атсалысты.

         Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл акцияның басты мақсаты жазықсыз жандардың өмірін қиған қанды оқиға құрбандрына тағзым ету, сонымен қатар, марқымдардың жанұяларының қайғысына ортақтасу болып табылады. Өз сөздерінде шараға қатысушылар террористтердің ойға симайтын әрекеттерін сынға алды.

         Николашина Ольга Леонидовна, «Павлодар облыстық финно-угор этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасының орынбасары:

-                     Біздер Ақтөбе қаласындағы өз жарлары мен ұлдарын жоғалтқан апаларымызбен бірге қайғырып отырмыз. Бұл біздердің ортақ қайғымыз бен қасіретіміз. Біздің акциямыз барлық қазақстандықтарға, барлық әйелдер қауымына үндеу болып табылады. Біз Президентіміздің халықты біріктіруге, достық пен ынтымақты дамытуға бағытталған саясатын қолдаймыз. Біздерге бейбітшілік керек!

Байрамкулова Мария Алботовна, «Эльбрус» қарашай-черкес және қбарда-балкар ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

 

-                     Қымбатты апалар! Біздер әкелерін, ағалары мен ұлдарын жоғалтқан аналар және балалармен бірге қайғырып отырмыз. Мен олардың біздерді естіп, біздер олармен бірге екендігімізді сезінсе екен деймін. Біздің әскеріміз қанішерлерді тоқтатқандығын мақтан етемін. Біздер бір жұдырықтай жұмылуымыз керек, туған жерімізді қадірлеп, бір-бірімізге мейірімділікпен қарауымыз керек.

 

Айтпаев Мақсат

 

Фото

3679

 

Фото

3680

 

Фото

3681

 

Фото

3682

 

Фото

3683

 

Фото 

3684