3656

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ассамблеяның қоғамдағы бейбітшілік пен бірлікті нығайтудағы, Болашағы біртұтас ұлтты құрудағы және бес институционалды реформаны жүзеге асырудағы рөліне ерекше тоқталған болатын. Бұл міндеттерді шешуде, Қоғамдық келісім кеңесі мен медиация институттарының да маңызы зор. Медиаторлар жүйесінің дамуы Қазақтандағы сот жұмысына жеңілдік жасап, халықтың құқықтық мәдениетінің дамуына, дауды диалог арқылы оңтайлы шешудің бір жолын белгіледі.     

Аталған міндеттердің маңыздылығын ескере отыра, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің жанындағы Медиация орталығымен маусым айының 7-8 күндері аралығында Достық үйінде «Медиация дауларды шешудің ең тиімді жолы» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды. Оған облыстық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен орынбасарлары, Қоғамдық келісім және Аналар кеңесінің мүшелері, жастар ұйымдарының белсенділері, Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқытушылары мен Достық үйінің мамандары – барлығы 38 адам  атсалысты.

Семинардың жетекшісі болып «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің президенті, ТМД Экономикалық сотының арашашысы, «Қазақстан модераторлар одағының» бас директоры,  Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, медиатор-жаттықтырушы Жақыпов Жанділдә Әжіғаліұлы атанды.

- Медиация рәсімінің басты мақсаты дауға қатысты тараптарды қанағаттандыратын жол, шешім табу болып табылады. Әрине, дөңгелек үстел барысында қатысушылардың жүз пайызы шешім табады деп айту қиын. Медиатор дауды қаншалықты шешуге болатындығын, тараптардың қайсысы бейбіт шешімге жақын екендігін анықтап, өз тәжірибесіне сйене отырып, тараптардың ортақ шешімге өз еріктерімен келуіне жағдайлар туғызады, - деп айтты Жанділдә Әжіғаліұлы.

Семинар барысында «Жанұя медиациясы», «Медиация жастар арасында толеранттылықты тәрбиелеудің факторы ретінде», «Мектеп медиациясы», тағы басқа тақырыптар қарастырылды. Тәжірибелік сағаттар барысында арнайы тапсырмалар арқылы қатысушылар өздерінің медиациялық білімдерін арттыруға мүмкіндік алды. Соннымен қатар, семинарда Қазақстанда медиация институтының дамуы талқыға салынды.

 

Тренинг нәтижесі бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Айтпаев Мақсат

 

Фото

3657

Фото

3658

Фото

3659

Фото

3660

Фото

3661