3639

 

 

Павлодар қалалық сотында облыстық соттың Оқу орталығы базасы шеңберінде мемлекеттік емес қоғамдық бірлестіктердің қатысуымен "Сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін қолдану практикасының өзекті мәселелері. Келешегі, дамуының басты бағыттары" - атты тақырыпта семинар-кеңес өтті.

Семинардың жұмысына судьялар қауымынан басқа Павлодар облыстық Қазақстан халықы ассамблеясы мүшелері, этномәдени орталықтар, «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен мамандары, Павлодар қаласының пәтер иелерінің кооперативтер Кеңесі, Медиаторлар ұлттық палатасы, авдокаттар алқасы, Павлодар қаласы әкімінің және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдері қатысты.   

Семинар барысында қоғамда татуластыру рәсімдерін енгізу институттарының механизімін жасау және оны апробациялау мәселесі, татауластыру рәсімдерін насихаттау мен тұрғындарды сауатты ақпараттандыруға ие мемлекеттік емес қоғамдық бірлестіктерді тарта отырып ұйымдастыру мен құқықтық мәселелерін шешу бойынша ұсыныстарды қарастыру, Павлодар қаласы әкімшілігінде және Достық үйінде ашылған «Медиация кабинетінің» және «Медиация орталығының» тиімді дамыту, Павлодар қаласындағы пәтер иелерінің кооперативтерінде «Татуластыру рәсімдерінің ақпараттық бұрыштарын» ашу қарастырылды.    

Қатысушылар белсенділік танытып, татуластыру рәсімдерін қолданудағы өздерінің жетістіктерімен бөлісті және туындаған мәселелелерді айтып, оларды шешудің жолдарын талқылады. 

Сот жүйесінде электрондық сот өндірісін енгізудің маңыздылығын ескере отырып семинарға қатысушыларға «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің мүмкіншіліктері жан-жақты түсіндірілді, оның артықшылықтары мен қолданудағы қарапайымдылығы баяндалды.

Отырыстың қортындысы бойынша қоғамда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы даулардың артуын ескеріп, пәтер иелерінің кооперативтер Кеңесінің тұрғындарды ақпараттандырудағы кең мүмкіндіктері бар екенін ескеріп, Павлодар қалалық соты мен Павлодар қаласы бойынша пәтер иелерінің кооперативтер Кеңесі арасында Павлодар қаласындағы барлық пәтер иелерінің кооперативтерінде «татуластыру рәсімдерінің ақпараттық бұрышын» ашу жөнінде келісім бекітілді.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар қарастырылған мәселені ары қарай дамыту бойынша бірқатар біріккен шаралар ұйымдастыру қажеттілігіне тоқталды және ай сайын Достық Үйінде семинар-кеңес өткізіп, онда әрбір мүдделі орган татуластыру рәсімін дамытуға бағытталған атқарылған жұмыс  есебін ұсынады.

Фото

3640
Фото

3641

Фото

3642
Фото

3639