3623

20 мамырда «Қоғамдық келісім» КММ-де облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты ХХІІ облыстық ҚХА сессиясы өтті. Сессия жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты. Сонымен қатар, Сессия жұмысына облыстық, қалалық және аудандық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық ҚХА төрағасы, облыс әкімі Болат Бақауов облыстық ҚХА қызметін қортындылай келе, өзінің баяндамасында: «Өткен 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылы ретінде мәңгілік тарихта қалады. Оның 20 жылдық қызметі Ұлт көшбасшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен таңдалған үйлесімді этносаралық қатынастар құру векторы нақты жемісін әкелетінін сендіре дәлелдейді. Бұл, бүгінгі таңда саяси тұрақтылық, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік – қазақстандық өмір салтын білдіреді, ал этникалық, мәдени және дін әралуандылығы жасампаздық пен даму ресурсына айналды» - деп белгілеп өтті.

Г.Әбдіқалықова өзінің сөзінде «Мәңгілік Ел» патриоттық актінің идеялары туралы айтып өтті. «Патриоттық актіні қабылдау – бұл тек азаматтық бірлесудің жай символы емес, бұл болашақ ұрпақ алдындағы ізгі борышын сезіну және бейбітшілік, келісім мен бірлік негізінде еліміздің тұрақты дамуы, көркеюі үшін барлығын жасау. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеялардың рухани құндылықтарында және азаматтық принциптерінде ұлт бірлігінің болашағы қалыптасып және қазақстандық біртектілік нығайтылатын болады. Әлемдік экономикалық турбулент жағдайларында тек бір, қана айрандай ұйып отырған ұлт өз тағдырын өзі анықтап, болашағын өзі құруға қабілетті» - деді ол.

Қазіргі уақытта өңірде 24 облыстық және 84 облыс қалалары мен аудандары этномәдени бірлестіктері жұмыс істейді. Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында Ақсу қаласында 3 облыстық – белорус, узбек және румын-молдаван этномәдени филиалдары ашылды

«Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде: 2 фольклорлық, 23 вокалды-хорды, 1 драмалық, 2 аспаптық, 18 хореографиялық ұжымдары жұмыс жасайды. 3 ұжым «Халықтық» атағына ие: «Украин халықтық қоры; Казатардың халықтық хоры, «Воля» казактар әнінің халықтық ансамблі.

Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде 17 ұлттық бөлімше мен 2 мәдени орталықтары жұмыс істейді. Жыл сайын мектепке 500-ден аса оқушылар келеді. Онда балалар мен жастар этностардың мәдениетін, салт-дәстүрін және тілін үйренеді.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы қоғамдық бірлестіктер де өз жұмыстарын жалғастыруда: ҚХА жанындағы қоғамдық келісім кеңесі (төрағасы Әбдіқалықов И.Б.), ҚХА жанындағы отбасында толеранттылық мәселелері бойынша аналар кеңесі (төрайымы Максилова Б.Ш.), «Ақсақалдар алқасы» ақсақалдар кеңесі (төрағасы Галеев М.Х.), ғылыми-сараптамалық топ (төрайымы Мамытова С.Н.- тарих ғылымдарының докторы, профессор), журналистер клубы (төрағасы Омаров М.М.), жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі (төрайымы Паули Э.С.).

2015 жылы облыстық этномәдени бірлестіктері мен «Қоғамдық келісім» КММ 200 мыңнан астам адамның қатысуымен, өңірде қоғамдық-саяси жағдайлардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған 300-ден астам іс-шара және акциялар өткізді.

Облыстық этномәдени бірлестіктер де қайырымдылық бойынша белсенді жұмысты жүргізеді. «Қайырымдылық керуені» және «Қамқорлық» қайырымдылық акцияларын жүзеге асыруға қатысады.

Елбасының тапсырмасы бойынша облыстық ассамблеяда медиативтік жүйе құрылды. Облыс қалалары мен аудандарында, ауылдық өңірлерде 43 қоғамдық бірлестіктер, отбасында толеранттылық мәселелері бойынша 21 аналар кеңесі құрылды.

Облыстық радио эфирінде апта сайын “Казахстан в современном мире”,  “Казахстан – наш общий дом”, “Қазақстан бүгінгі таңда”,  облыстық «Қазақстан-Павлодар» телеарнасында “В семье единой”, «Ортақ шаңырақ астында» атты бағдарламалар айына бір рет шығып тұрады. Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Достық үйінің және көптеген этномәдени бірлестіктердің сайттары жұмыс істейді.Сессия ашылар алдында дәстүр бойынша Достық үйінде қолөнершілер мен шеберлердің жұмыстары көрсетілген халықтық шығармашылық көрмесі ашылды.

2016 жылғы сәуірдегі ҚХА XXIV республикалық сессиясында «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Ұлттық мұражайда Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне арналған көрме залы ашылды. Қуанышты жәйт, Облыстық ҚХА сессиясы өткен күні Павлодарда Г.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайында облыстық ҚХА тарихына арналған экспозиция ашылды.
 Айтпаев Мақсат
 
Фото
3618

Фото

3619

Фото

3620

Фото

3621

Фото

3622

Фото

3623

Фото

3624

Фото

3625