3609

 

Павлодар облысында 6 мыңға жуық адам қазақ тілін білу бойынша жеке сауаттылығын тексерді.

«Павлодарда диктант Достық үйінің мәжіліс залында өтті, мұнда  этномәдени бірлестіктердің жүзге жуық мүшесі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері жиналды. Жалпықазақстандық акцияға белсенді азаматтық және өмірлік позицияны ұстанған павлодарлықтар қатысты. Диктант негізіне «Мәңгілік Ел» патриоттық құжаттың мәтіні салынған», - деп хабарлады Достық үйіндегі медиа-орталықтың басшысы Мақсат Айтпаев.

Бұдан басқа, диктантты Павлодардағы мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және кәсібилігін арттыру аймақтық орталығында, сондай-ақ қаладағы көптеген жоғары оқу орындарында,  кітапханаларда, қала және аудан мектептерінде де жазды.

 

Диктант қорытындылары 23 мамыр күні жарияланады. 

Вера Ливинцова

 

www.inform.kz

 

 

Фото

3610

Фото

3611

Фото

3612

Фото

3613

Фото

3614

Фото

3615

Фото

3616