Диктант Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын және «Этномәдени бірлестіктердің жалпымемлекеттік міндеттерді шешуге қатысуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы бағдарламасы» іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында өткізіледі.

Ашық диктант еліміздің барлық облыстарында 2016 жылғы                              18 мамырда Астана уақытымен сағат 11:00-де өткізіледі.

         Диктант мәтіні «Мәңгілік Ел» патриоттық актісіне негізделеді.

 

Павлодар қаласында диктант Достық үйінің акт залында (1Май көш., 35/1) және Павлоар облысы әкімдігі, Павлодар облысы әкімі аппаратының «Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» КМҚК (Ленина көш, 59, 107 каб.), қаланың ЖОО-да және мектептерде өтеді.

 Шараға этномәдени бірлестіктердің мүшелері, мемлекеттік және мәдениет қызметкерлері, оқытушылар, студенттер мен оқушылар қатысады.

 Ашық диктанттың мақсаты: Мемлекеттік тілді меңгеруге деген құштарлығын арттырып, бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.