3500

22 сәуір күні Павлодар облысында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «БІРЛІК-ЕДИНСТВО.KZ» шекаралас серіктестіктің VI Халықаралық жастар этномәдени форумы ашылды.  Форум жұмысына Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерінен: Омбы, Новосібір, Томск қалаларынан делегациялар, Алтай өлкесінен, Урмурд, Болгария, Тажікстан, Оңтүстік Корей, Турция, Қырғызстан жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, қатысушылар қатарында Қазақстанның 12 облысының жастар ресурстарының орталықтарының жетекшілері, республикалық жастар ұйымдарының және этномәдени бірлестіктерінің көшбасшылары болды.

Форумның құрметті қонақтары өңір басшысы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Болат Бақауов, ҚХА-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары  Наринэ Микаэлян және Ахмед Мурадов болды.

«Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында, тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан өзінің меншікті және табысты даму жолында. Бірлік және бір ұлтты жүйелі қалыптастыру жолында, - деп айтып өтті Б.Бақауов. – Жастармен өзара әрекеттестік мемлекеттік саясаттың ең басымдыларының бірі болып табылады. Мен бұны өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тиімді инвестициялар деп санаймын. Жастар өзінің мақсатқа бағытталушылығымен, жаңа инновациялармен, идеялармен және тұтастығымен еліміздің болашағы болып табылады. Сіздерге зор үміттер артылып отыр».

2011 жылы облыстық ҚХА жастар бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің бастамасы бойынша алғаш рет «БІРЛІК-ЕДИНСТВО.KZ» форум жобасы жүзеге асырылды. Сол кезде форум жұмысына республикалық ЭМБ жастар қалыптасуын және еліміздің көптеген өлкелерінің үкіметтік емес жастар ұйымдарын ұсынған 120-дан аса адам қатысты. Сол кезде форум қатысушылары үшін әртүрлі қызықты іс-шаралар өткізілді, оның ішінде жастардың әлеуметтік-инновациялық бастамаларының көрме-жәрмеңкелері. «ХХІ ғасырдың жастары» - уақыт және өзі туралы пікірталас пленарлық отырысы жастардың ерекше қызығушылығын тудырды. Бірінші форумның нәтижесі бойынша оны тұрақты түрде өткізу шешімі қабылданды. Пікірлермен, жастар бағдарламаларымен және этномәдени әралуандылыққа жағдай жасайтын жобалармен алмасу, сондай-ақ шекаралас облыстарда жастар саясатын жүзеге асыруда әлеуметтік тәжірибені тиімді қолдану үшін үнемі әрекеттегі пікірталас алаңшаларын құру алғашқы форумдардың арқауы болды.

Осы жылы форум күндерінде үш алаңшаларда мәдениаралық әрекеттестіктің диалогы мен талқылауы өтті. Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ « Тілді, дәстүрді тану арқылы бейбітшілік пен ұғыну» тақырыбына кездесу өтті, онда әр елден келген қонақтар қазақ халқының мәдениетімен, салты мен дәстүрімен танысуға мүмкіншілік алды. Назарбаев зияткерлік мектебінде «Заманауи Қазақстанның жағдайында жастарды полимәдени тәрбиелеу» атты дөңгелек үстел өтті. С.Торайғыров атындағы ПМУ базасында форум қонақтары үшін Қазақстан халқының әдебиеті және этникалық БАҚ көрмелерінің тұсаукесері ұйымдастырылды, бешбармақты дайындау бойынша шеберлік-кластар өткізді және ұлттық киімнің сәнді көрсетілімі ұсынылды. Қонақтар Қазақстан халқы Ассамблеясы кафердрасының ғылыми-сараптамалық топ мүшелерімен кездесті. Ондан басқа, делегацияларға арналған ашық дәрісті университет ректоры А.Өрсариев оқыды.

Сондай-ақ, «БІРЛІК – ЕДИНСТВО.KZ» шекаралас ынтымақтастықтың жастар халықаралық форумы шеңберінде Гагарин саябағы салтанатты түрде облыс жастарына берілуі өтті.

Адель Димова, Болгариядан келген форум қатысушысы:

-                     Павлодар жерінде туған болгар тілін естіп, болгар ұлттық киімінде адамдарды  көре алатыным мен үшін бұл өте сүйсінерлік. Сіздердің Президенттеріңіз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында шетел азаматтары өздерін керек және құрметті екендігін сезінеді.

Ворончихина Екатерина, Глазов қаласы, Ресей Федерациясының Удмурт Республикасы:

«БІРЛІК – ЕДИНСТВО.KZ» Форумы – бұл жастар үшін жерімізде тұрақтылықты нығайту мен толеранттылыққа тәрбиелеу бойынша жұмысқа өз күштерін біріктіру мен елеулі үлесін қосудың бірегей мүмкіншілігі. Бүгінгі жастар – өз елінің әлеуметтік-экономикалық, ғылымижәне мәдени дамуына жәрдем көрсететін халықтың белсенді бөлігі. Форум қорытындысы бойынша қабылданған шешімдер біздің алдағы тәжірибелік қызметімізде өз ұсынысын табады және достық пен бейбітшілікті нығайтуға қызмет етеді деп сенім білдіремін.

Айтпаев Мақсат

 

Смағұлова Назыгүл

 

 

Фото

3501

Фото

3502

Фото

3503

Фото

3504

Фото

3505

Фото

3506

Фото

3507

Фото

3508

Фото

3509

Фото

3510