3604

 

9 мамыр күні Славян мәдени орталығы Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған плакаттар көрмесі-конкурсын өткізді. Шараны ұйымдастырушылар жас павлодарлықтарға «Ұлы Жеңіс қазақстандықтардың жүрегінде және есінде» тақырыбына плакат шығаруды ұсынды. Конкурс 7-17 жас аралығындағы оқушылар арасында өткізілді.

Көрме-конкурстың салтанатты ашылуы 8 мамыр күні «Достық» концерт залында өтті. Қатысушылардың ең маңызды бөлігі №2 балалар көркемөнер мектебінен және дарынды балаларға арналған музыкалық мектептің оқушылары болды. Отыздан астам плакаттар мен суреттер көрме экспозициясына қойылды. Плакаттар орындалу техникасы мен шеберлігі бойынша әртүрлі болды. Графика, коллаж, аппликация, фотомонтаж, компьюарт – заманауи техниканың бәрі жас қатысушыларға оңай құбылыс.

Бірақ ең бастысы орындалу шеберлігі емес, жұмыстың әсерлі болғаны таңғалдырды. Қатысушылардың көбі плакат тілімен өздерінің аталары туралы айтып өтті. Кейбір жұмыстардың атаулары:  «Менің бабам танкист болды» (Настя Шрамко), «Менің атам қаһарман» (Лиана Хван),  «Менің есімде, мен мақтан тұтамын!» (Новаковская Марианна). Көрменің ең үлкен қатысушысы Артём Кухарев (16 жас) өз отбасының батырлары туралы үлкен плакат шығарды.   

Барлық плакаттар марапатқа лайықты болды. Бірақ конкурстың аты конкурс. Әділ баға беру үшін, шара қатысушылары вернисаждың аға қатысушыларына үш ең тартымды, есте сақталатын жұмыстарды таңдауға ұсыныс жасады. Көрермендер мен сайыс ұйымдастырушыларының дауыстарын қоса отырып, қазылар алқасы жеңімпаздарды белгіледі. Келесі қатысушылар сыйлықтар мен кәдесыйларды алды: Георгий Мари (ең жас қатысушы, 6 жас), Шалабаев Ардақ, Проненко Александра, Серенко Кира, Афанасьева Настя, Юминов Даниил, Корзюн Марианна,  Шамко Анастасия. Қазылар алқасы арнайы жүлдені Артём Кухаревке берді.

Ұйымдастырушылардың басты мақсаты – жастардың отбасына және ұлттық сана-сезімге баулу. Көрме-конкурстың нәтижесін шығара отырып, ұйымдастырушылар сол мақсатқа қол жеткізді деп айтуға болады. Оқушылар мұғалімдермен және ата-аналарымен өз елінің тарихына сүйенді, өз туыстарының батылдығы мен ержүректігін еске алды. Конкурс Жеңіс мерекесі халық пен ұрпақты біріктіретінін сендіре дәлелдеді. Жеңіс сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Біз елімізде және барлық ғаламшарда бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін осы күнді есімізде сақтау өте маңызды.

 

Наталья Колодина

 

 

Фото

3605

Фото

3604