3536

 

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің қарсаңында  Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірдің этномәдени бірлестіктерінің жетекшілеріне гранттар тапсырды.

Аймақ басшысы этномәдени бірлестіктердің өңірдегі татулықты, этносаралық және конфессияаралық келісім мен толеранттылықты сақтаудағы жұмысына жоғары баға берді.

- Этномәдени ұйымдар халықтың бірлігі мен ынтымағын сақтауда үлкен роль атқарады. Ел бірлігінің арқасында ғана біз Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиялық жоспарын, «Нұрлы жол» бағдарламасын, Бес институционалды реформаны, «Мәңгілік ел» жолдауын жүзеге асырамыз, - деді Болат Бақауов.

 

Павлодар облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 13 филиалы жұмыс істейді, сонымен қатар облыс орталығында 24, облыстың қалалары мен аудандарында 84 этномәдени бірлестік қызмет етеді.

 

www.pavlodar.gov.kz

 

Фото

3537

Фото

3536