3482

20 cәуірде Достық үйінің конференц залында «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестіктерінің аудандық филиалдарына арналған семинар өтті. Шара облыстық «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. Отырысқа қоғамдық бірлестіктің 5 аудандық бөлімшелерінің жетекшілері мен мүшелері атсалысты.

2016 жылғы наурыз айында облыстық «Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы» қоғамдық бірлестігі «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігі болып қайта тіркеуден өтті. Осыған байланысты, орталықтың аудандардағы филиалдарының құжаттарын қайта рәсімдеу сұрақтары қарастырылы. Сондай-ақ жиын барысында ұйымның 2016 жылғы жұмыс жоспары сараланды.

«Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің және облысты0 )ХА жанындағы «Аналар кеңесінің» төрайымы Максилова Бақытжамал Шаханқызының айтуынша, жуық арада әр аудандық бөлімшенің жанында жастар қанаты және келіндер тобы құрылатын болады. Айта кететін жайт, 13 cәуір күні Достық үйінде облыстық қоғамдық бірлестіктің жастар қанатының 2016 жұмысына арналған, қаламыздың үш бірдей ЖОО студенттерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында обыстық «Нұр болашақ» жастар қанатының жаңа төрағасы сайланды. Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы ПМУ студенті Жомарт Кәусар бұл жауапты жұмысқа лайықты атанды. 

Отырысқа қатысқан облыстық «Қазақстан мұсылман әйелдері лигасы» қоғамдық бірлестігінің алғашқы төрайымы, «Парасат» орденінің иегері Қожахметова Зара Қабдешқызы бірлестіктің басты мақсаттарына тоқталды. «1991 жылы наурыз айында құрылған бірлестіктің басты мақсаты имандылық тәрбиесі, тілді сақтау, дінімізді қорғау, жастарға әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы ұлттық тәрбие беру былып табылады» - деп айтты Зара Қабдешқызы.

Қоғамдық бірлестіктің Ақсу аудандық бөлімшесінің төрайымы Сламбекова Рымкеш Хамитқызының айтуынша бірлестіктің миссиясы той-томалақтарда ән айтып, «шашу» салтымен ғана шектелмеуі тиіс. Бірлестіктің миссиясы әлдеқайда ауқымды. «Бүгінгі отырыс үлкен жұмыстардың бастауы деп ойлаймын. Бұл жаңа жұмыс емес, істеп жүрген қызметіміздің жалғасы. Ана, әже ретінде барлық күш-жігерімізді жастарға бағыттауымыз керек. Неке мәселесі, тастанды балалар тағы басқа қоғамымыздың белең алып келе жатқан мәселелерді көтере отырып, тәлім-тәрбие мәселесіне көбірек көңіл бөлуіміз керек. Кейбір жағдайларда ата-аналар «ұят болады!» деп тойға несие алып, балаларының мойнына асып беретін мысалдар көп. Той десе, соңғы тоңымызды шешіп берсек те той жасаймыз. Осы жағдайға шыдай алмай кеткен жастар қаншама» - деп айтып өтті Рымкеш Хамитқызы. Сондай-ақ, ол балаларды еңбек етуге тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталы. Еңбек етсе ғана балаларымыздың өмірлері бақытты болады деп айтып өтті.

Отырыс нәтижесінде жуық арада қоғамдық бірлестіктің ортақ жұмыс жоспары әзірленеді деп шешілді.

 

Айтпаев Мақсат

 

 

Фото

3483

Фото

3484

Фото

3485

Фото

3486