3474

Қазақстанда ешбір мемлекетте жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясы бар. Ассамблеяның елімізде бейбітшілік пен ынтымақты сақтау және азаматтық қоғамнегізінде көпұлтты халықты қалыптастыруда рөлі зор. Бүгінде үлкен шаңырақ астында түрлі дэтностар мен конфессиялар татулық пен достықты нығайтуға бірлесе атсалысып келеді.

Жақында ел тəуелсіздігінің жылдығы аясында Қашыр ауданында үлкен шара өтті. Өткен жұма күні «ҚР Ассамблеясы күніне» орай облыстық Ассамблея филиалы дөңгелек үстел ұйымдастырды. Маңызды іс-шараға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының жетекшісі С.Жетпісбаев, этномəдени бірлестіктердің атынан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, шешен-ингуш мəдени орталығы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Е.Евлоев, облыстық ҚХА-ң аналар Кеңесі төрағасының орынбасары, «Возрождение» облыстық немістер қоғамы төрағасының орынбасары О.Литневская, облыстық корей этномəдени бірлестігі төрағасының орынбасары Р.Афанасьева, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының эксперты, «Қоғамдық келісім» шығармашылыќ жұмыстары бойынша директордың орынбасары Ю.Стрельчук, облыстық ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің хатшысы Г.Титанова, «Қоғамдық келісім» медиа орталығының жетекшісі М.Айтпаев қатысты.

Дөңгелек үстелде облыс орталығынан келген қонақтардың əрқайсысы өз пікірлерін білдіріп, ойларымен бөлісті. Кездесуді ашқан облыстық

Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі С.Жетпісбаев бұл шара Қазақстанның тəуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өтіп жатқанын атап өтіп, бүгінде республикамыздың түкпір-түкпірінде аналар кеңесі, ақсақалдар

алқасының атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті. Ассамблея күні аясында өткен жиында С.Жепісбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттері мен басқа да өзекті мəселелер төңірегінде сөз қозғады. Ол аналар кеңесінің рөліне тоқталды. Оның айтуынша, 21-23 сəуір күндері Павлодар қаласында халықаралық жастар форумы өтеді. Оған Ресей, Армения, Түркия, Қырғызстан, Тəжікстан елдерінің өкілдері қатысады. Бүгінде Павлодар қаласындағы жоғары оқу орындарында Қазақстан халқы Ассамблеясының орталықтары, студенттік ассамблеялар ашылған. Таяуда Астана

қаласында Ассамблеяның сессиясы өтетінін айта келе:

- «Тəуелсіз Қазақстан – жас мемлекет. Дүние жүзінде еш елде жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, əр түрлі этностардың елдегі татулық пен достықты нығайтуға атсалысуы – еліміздегі саяси тұрақтылықтың кепілі.

Қоғамдық татулық пен халық арасындағы өзара ынтымақты насихаттау арқылы еліміздің бейбітшілігі баянды болып отыр. Бүгін Қазақстанда көптеген ұлттар мен этностар өкілдері ынтымақты достықта өмір сүріп, еңбек етіп, өздерін еркін сезінеді. Тəуелсіз мемлекетімізде əр ұлттың салт-дəстүрі мен əдет-ғұрпын, ұлттық мəдениетін дамытуға, оны дəріптеуге барлық жағдай жасалған. Облысымызда түрлі ұлт өкілдерінің этномəдени бірлестіктері жұмыс жасайды. Кең байтақ қазақ жерінде өзін еркін сезінетін көпұлтты халқымыз мемлекеттік тілімізді құрметтеп, қазақ тілінің аясын

дамытуға өзіндік үлес қосуда. Қазір өз жұмыстарына кірісіп кеткен қоғамдық кеңестер халықтардың ынтымағы мен өзара келісімнің нығаюы жолында табысты еңбек ететініне сенімім мол»,- деді.

Басқосу барысында аудандағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Құсайынов кезекті екінші мəжілісін өткізді. Онда шешен-ингуш этномəдени бірлестігі төрағасының орынбасары Е.Евлоев, Ассамблея жанындағы бастауыш партия ұйымының төрағасы, «Возрождение» қоғамы төрағасының орынбасары О.Литневская, белорус этно-мəдени бірлестігінің мүшесі В.Рак өз пікірлерін ортаға салып, қолға алған игі істері жайлы мəлімдеді.

Сондай-ақ облыстық қоғамдық келісім кеңесінің хатшысы Г.Титанова медиация институтының маңыздылығына, оныњ бүгінгі таңда елімізде алатын орны жайлы толығырақ айтты. Кездесу соңында аудан əкімінің орынбасары Г.Білəлева Қашыр ауданының жаңадан ашылған кеңестердің жұмыстарына тоқталып, жиналған қауымға бейбіт өмір, отбасыларына

амандық, ынтымақ пен мол бақыт тіледі.

Осы күні түске қарай облыстан келген қонақтар жергілікті кітапханада аудандағы этномəдени бірлестіктерінің жетекшілерімен кездесті. Ассамблея күніне арналған кездесуді С.Жетпісбаев ашты. Шара барысында көпшілік қауым Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған бейнефильмді тамашалады.

Маңызды жиында неміс этномəдени бірлестігінің жетекшісі В.Мешкаускас (Песчан ауылдық округі), шешен-ингуш этномəдени бірлестігінің жетекшісі М.Ахметова, белорус этномəдени бірлестігінің жетекшісі (Львовка ауылдық округі) М.Нұрпейісова, тəжік этномəдени бірлестігінің жетекшісі Е.Джабинов, украин этномəдени бірлестігінің жетекшісі С.Варварюк бүгінгі дөњгелек үстелдің мəн-маңыздылығына тоқталып, аудандағы тұрып жатқан

көпұлтты халық бір ананың баласындай тату-тəтті өмір сүріп, ынтымақтары жарасып отырғандығын ерекше атап өтіп, ұсыныс-пікірлерін де ортаға салды. Этнос өкілдері өз тарапынан ризашылықтарын танытып, көпшілік қауымды алдағы келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына тұрақтылық, өзара түсіністік, ынтымақ пен бірлік тіледі.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының жетекшісі С.Жетпісбаев облыс орталығында этно-мəдени бірлестіктерінің жетекшілеріне арналған арнайы семинар өтетінін жеткізді. Онда этномəдени бірлестіктерінің жетекшілері өзара тəжірибе алмасып, ұлтаралық келісімді нығайту бойынша өзара тығыз байланыста жұмыс жасау қажеттілігіне тоқталды.

Ассамблея күні əрі қарай аудандық мəдениет үйіндегі облыстық ҚХА этномəдени бірлестігі көркемөнерпаз ұжымдарының тамаша өнер кешіне ұласты. Сахна төріне ұлттық киімде шыққан əзербайжан этномəдени бірлестігінің əртістері көрермендерге төл өнерлерін паш етті. Славян, украин, неміс, шешен, корей, əзербайжан, ингуш шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары ұлттық нақыштағы қайталанбас ұлттық билері мен саздыəуенді əндері мен жырларын, ұлттық саз аспаптарында ойнау шеберліктерін танытты.

Əсіресе З.Мұқанованың қобызбен орындаған «Жез киік» күйі мен шешен қызы Алина Сулипованың орындаған шешен əнін, корей этномəдени

бірлестігінің ұлттық биін өнер ссйер қауым қызу қарсы алды.

Жыр мен күйге толы өнер кешін мерекені жүргізушілер Мақсат Батырбеков пен Екатерина Селеванова «Туған жер» əнімен аяқтады.

Г.Жаябаева

 

«Тереңкөл тынысы» качир аудандық газеті

 

Фото

3475

Фото

3476

Фото

3477

Фото

3478

Фото

3479

Фото

3480

Фото

3481