3460

17 сәуірде Достық үйінің акт залында белорусс халқының «Гукание весны» мерекесі өтті. Қазақстан Респубикасының тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған шараға 200-ден астам қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Мерекенің ұйымдастырушысы болып «Беларусь» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі атанды.

«Гуканьне Вясны» – белорустардың ең басты көктемгі мерекесі болып табылады. Осы уақытта құстар қайтып келеді және олар өздерімен бірге көктемді алып келеді. Дәстүр бойынша бұл мереке күн мен түннің теңелген кезде тойланады. Көктемнің келуі күннің шуақ шашып жаңа өмірдің басталуымен тығыз байланысты. Бірақ бұл уақытта өзідерімен бірге көктемді алып келетін құстар аз болады. Сол себепті, салтқа сай, балалар оларды қағаздан жасап, барлық қонақтарға табыстады. Жас өнерпаздар белорус және мемлекеттік тілдерде әнедер мен тақпақтар айтып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Концерттік бағдарламада бірлестіктің «Жаураначак» және «Карамельки» би топтары, «Крыницы» вокалды хоры, «Надзея» вокалды  ансамбілі және «Млечый шлях» вокалды-аспаптық ансамбілі өз өнерлерін көрсетті.

«Мереке кезінде тұщщы қамырдан бозторғайлардың мүсіндері әзірленген. Оның басын, көзін, қанаттары мен құйрығын әдемі қылып жасаған. Құстарды ерітілген қантпен жалатып дайындағын» - деп, бірлестік қатысушысы Ильченко Анастасия, атадан қалған аспаздық құпиялармен бөлісті.

Бұл күні этномәдении бірлестіктің жастары бозторғайлар өзерімен бірге жылы күндер мен егіннің молшылығын алып келсін деп  «веснынкалар» деп аталатын қысқа өлеңдер айтты.

Өз сөзінде «Беларусь» мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Богнат Любовь Ивановна «Гуканьне Вясны» белорустардың басты көктемгі мерекесі болып табылатынын атап өтті. «Бүгін көктем шуақ шашқат жарқыраған күнімен біздерді қуантуда. Жарқын думанда біздер бір-бірімізге қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін жиналдық. Бұл қуанышты барлық жиналған қауым сезінсе екен деймін» - деді Любовь Ивановна.

Айтпаев Мақсат

 

 

Фото

3461

Фото

3462

Фото

3463

Фото

3464

Фото

3465

Фото

3466

Фото

3467