343812 сәуір күні Павлодар ауданы Шақат ауылының отбасы үлгісіндегі балалар үйінде белорусс этномәдени бірлестігінің жастар қанатының ұйымдастыруымен «Игі іс» акциясы өтті. Балалар үйінің алаңында концерттік бағдарлама өткізілді. Бағдарлама барысында «Гуканье весны» белорусс халқының дәстүрлі салты көрсетілді.

 

«Гуканьне Вясны» – белорустардың ең басты көктемгі мерекесі болып табылады. Осы уақытта құстар қайтып келеді және олар өздерімен бірге көктемді алып келеді. Дәстүр бойынша бұл мереке күн мен түннің теңелген кезде тойланады. Көктемнің келуі күннің шуақ шашып жаңа өмірдің басталуымен тығыз байланысты. Бірақ бұл уақытта өзідерімен бірге көктемді алып келетін құстар аз болады. Сол себепті, салтқа сай, балалар оларды қағаздан жасап, барлық тәрбиеленушілерге табыстады. Жас өнерпаздар белорус және мемлекеттік тілдерде әнедер мен тақпақтар айтып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кейін балалар бірлесіп балалар үйінің бағында 30-ға тарта бүлдірген түптерін отырғызды.     

 

Шақат ауылы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің директоры Оңғаров Қабиден Сарыбайұлының айтуынша бұл мекеме жергілікті шаруа қожалығының басшысы Сүлейменов Серік Төлеуғазыұлының мұрындық болуымен 2006 жылы ашылды. Қазіргі таңда мұнда 6 бала тәрбиеленуде. Олар жергілікті балаларымен бірге мектепке барып, отбасыға жақындатылған жағдайларды өсіп келеді. Балаларды Мешелева Бақытжамал мен Ахметова Сайран ана-тәрбиешілері бағып келеді.

 

-                  Барлық балаларды «менің балаларым» деп айтамын. Бұл үйге келгенімде ең кішкентай Асылжан 4 жаста еді. Барлығы менің көз алдымда өстіп, қазір 13-14 жасқа толып отыр. Ең кішкентайлары менің қасымнан шықпайды, әрдайым көмектеседі. 9 жыл аралығында жанұямыздан төрт бала шықты. Роман мен Әсемгүлдің өздерінің жанұялары бар. Қазір олардың кішкентай балалары өсіп келеді. Біздер үйімізді ешқашан «балалар үйі» деп атамаймыз – «жанұя» деп атаймыз, өйткені бір-біріміздің қарым қатынасымыз өте ыстық, - деп ана-тәрбиешіл Мешелева Бақытжамал өз ойымен бөлісті. Сонымен қатар ол облыстық белорус этномәдени бірлестігінің төрайымы Богнат Любовь Ивановнаға тамаша концерттік бағдарлама мен жуық арада жемісін беретін бүлдурген ағаштары үшін алғысын білдірді. Ал Любовь Ивановна оны және барлық балаларды Достық үйіне қонаққа шақырды.

Айтпаев Мақсат

Фото

3439

Фото

3440

Фото

3441

Фото

3442

Фото

3443

Фото

3444

Фото

3445

Фото

3446

Фото

3447

Фото

3449

Фото

3450

Фото

3451

Фото

3452

Фото

3453

Фото

3454

Фото

3438