3433

2 сәуірде Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ «Достық» концеттік залында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концерті өтті. Іс-шараның басты ұйымдастырушысы болып Қазақстан жастары одағының директоры Айдаргазин Ерсін мен «Айреник» армян этномәдени бірлестігінің жастар қанатының көшбасшысы Оганесян Араик атанды.

         Өз сөзінде Қазақстан жастары одағының директоры Айдаргазин Ерсін ұйымның және қайырымдылық концертінің мақсаттарына тоқталды. «Youth challenge» Қазақстан жастары одағының мақсаты мен миссиясы балалар мен жастарға көмек көрсету, сонымен қатар олардың құқытарын қорғау болып табылады. Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты Қашыр ауданы Песчаное елді мекеніндегі көпбалалы жанұяларға көмек көрсету» - деді Айдаргазин Ерсін. «Бұл ауылдағы алты жанұяда 30-дан астам бала өсіп келеді. Ертен біздің топ бұл ауылға аттанып, жанұяларға азық-түлік пен киімдерді жеткізеді» - жеп жалғастырды өз сөзін Айдаргазин Ерсін. «Айреник» армян этномәдени бірлестігінің жастар қанатының көшбасшысы Оганесян Араик концерт көрермендеріне мен қатысушыларына, сондай-ақ шараны ұйымдастыруға көмектескен барлық азаматтарға алғысын білдірді. 

Бұл күні концерттік зал қонақтарға лық толды. 200-ден астам көрермен сахына төріне шыққан әрбір өнерпазды ыстық ықыласпен қабыл алды. Концерттік бағдарламаға әуесқой әншілер және бишілермен қатар, кәсіби әнші мен бишілер атсалысты. Олардың бірі атақты Батырхан Шүкенов ағамыздың барлығына танымал әндерін орындағын «Nord wind» вокалды-аспаптық ансамбілі болды. Сонымен қатар, бағдарламаға облыстық армян, кабарда-балқар және қарашай-черкес этномәдени бірлестіктернің шығармашылық ұжымдары белсене қатысты. «Другой взгляд» рэп тобы Павлодар қаласына танымал «Мы из Казахстана» атты патриоттық сарындағы әнін орындады. Атап өтетін жайт, бұл әннің бейнебаяны «Хабар» телеарнасында бірнеше мәрте көрсетілген болатын. «Just Fly» би тобы барлық көрермендерді нағыз дала биінің әлеміне жеткізді.     

Концерттік залдың фойесінде қолдан жасалған қайталанбас бұйымдар мен туындылардың жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараға келген әрбір адам өзіне ұнаған затты тиімді бағаға сатып алу мүмкіндігіне ие болды. 

 

Кеш соңында сахынадан концерт нәтижесінде жиналған қаражаттың сомасы жариянанды. Ол 71 300 теңгені құрады. Бұл тамаша ақпаратты барлық көрермен тұрып және ду қол шапалақпен қарсы алды.

 

Айтпаев Мақсат

 

Фото

3434

Фото

3435

Фото

3436

Фото 

3437