3420

 

Наурыз мерекесі – жер бетіндегі ең ежелгі мерекелердің бірі. Ол көктем мен табиғаттың жаңару мерекесі ретінде бес мыңнан астам уақыт бойы аталып өтілуде.

Қазақстандағы Наурыз құнарлықты, достық пен махаббатты білдіреді. Осы күні адамдар әсем киініп, туған-туыстарына, жақын адамдарға қонаққа барады және жақсы тілектер білдіреді. Шығыс халықтары үшін Наурыз не, Жаңа жылмен бірдей, екі мереке де жаңа өмірдің хабаршысы. Парсы тілінде Наурыз мерекесінің атауы «жаңа күнді» білдіреді.

Наурызда әр мерекелік дастарханда міндетті түрде дәстүрлі тағам, наурыз-көже болу керек. Наурызда осы тағамнан дәм татау керек, сонда жыл бойы молшылық болады - деп санайды қазақтар.

Наурыз көже – ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады. Наурыз жалпы символдарға толы. Наурыз-көжеде жеті компонент болғандықтан, Наурызды тойлауда жеті санының маңызы өте зор. Наурыз-көжені жеті ыдысқа құйып, оны жеті дана ақсақалдың алдына қояды. Әр адам үйіне жеті адамды қонаққа шақырады, сондай-ақ өздері де міндетті түрде жеті үйде болу керек.

Наурыз тек қана мемлекеттік мереке емес, ол және БҰҰ халықаралық мереке ретінде танылған. Наурызды барлық Орта Азия елдерінде, сондай-ақ Грузияда, Үндістанда, Иранда, Қытайда, Түркияда және бүкіл әлем бойынша көптеген басқа елдерде аталып өтіледі.

Биылғы жылы Павлодарда ерекше рекорд орнатылды. Облыс орталығында және қала маңында барлығы жүзге жуық киіз үй орнатылды. Киіз үйлер тек қана қала жағалауында емес, және Гагарин атындағы жаңартылған саябақта да орнатылды. Көшелерде театрланған көрсетілімдер мен көріністер көрсетілді. Мерекеде «Қошқар көтеру», «Арқан татыс», «Асық ату», «Жамбы ату» ұлттық жарыстар және «Қазақша күрес» ұлттық күресі және т.б. болды. Жоғары жағалауда Тоғыз құмалақ, бір мезгілде шахмат ойындары, салмақ көтеру спорты бойынша жарыстар спорттық іс-шаралар өтті. Төменгі жағалауда – көкпар және аударыспақ бойынша мерекелік турнирдің көрсетілімдері болды.

Достық үйінің алаңында 4 киіз үй орнатылды, ұлттық ойындар өткізу үшін спорттық-ойын алаңы ұйымдастырылды, алтыбақан орнатылды. Таңнан бастап «Қазандар аллеясының» жұмысы басталды, онда 7 қазанда ұлттық тағамдар дайындалды. Үй иелері бауырсақ, ет, құрт дайындау құпияларымен бөлісті. Өзбек, тәжік, ұйғыр, қырғыз аспазшылары  барлық қонақтарға әр түрлі палаудың дәмін тарттырды. Алаң орталығында этномәдени бірлестіктердің ұлттық тағамдарының көрмесі өтті. «Қоғамдық келісім» КММ-нің шығармашылық ұжымдары ауқымды концерттік бағдарламаны ұйымдастырды.

«Мерекеге жақсы дайындық сезіледі. Барлығы қарастырылған. Достық алаңына келген павлодарлықтардың барлығы бір болып мерекеге, көктемнің келуіне қуанышты күйде» - деп, қала тұрғыны Ирина Макаренко өз пікірімен бөлісті.

Мақсат АЙТПАЕВ

 

Назыгүл СМАҒҰЛОВА 

 

 

Фото

3421

Фото

3422

Фото

3423

Фото

3424

Фото

3425

Фото

3420