3385

Қазақстан кеңестік кезеңдегі даусыз тілдік саясаттың бірегей моделін құра алған елдердің бірі, нәтижесінде аймағында тұрып жатқан барлық этностардың тілін еркін дамыту үшін қолайлы жағдайлар құрылды.  Осыған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясаты себеп болды Ол әр сөзінде қазақстандықтар үш тілді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру қажет деп жиі назар аударады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Нұр ана» қоғамдық бірлестігі «Ұлы даланың мәңгілік тілі» - атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге №24 және №38, Кенжекөл орта мектептерінің оқытушылары мен оқушылары, сонымен қатар «Стикс» кәсіби бағытты мектеп оқушылары шақыртылды. Іс-шараға облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Сейсембай Қалижанұлы Жетпісбаев, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргелдинов, «Эльбрус» қабарда-балқар және қарашай-черкес ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мария Алботовна Байрамкулова және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Бірлік» студенттік ассамблеясының төрағасы Рамиль Смаилов қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің бір сөзінде - тіл қарым-қатынас, байланыс құралы, сондай-ақ ол - «Қазақстан халқын біріктіре алатын мықты құрал бола алады» – деген. Бүгінгі таңда Қазақстан халқын біріктірудің ең маңызды факторы болатын, мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әр азаматының міндеті. Қазақстандықтардың тілдік бірлігі тұрақтылық пен өркендеу кепілі, ал қазақ және орыс тілдері өзара қарым-қатынас пен өзара қадірлестік символы болып табылады.

«Мемлекеттік, ресми және халықаралық тілдерді білу азаматтарға өзін-өзі тану үшін зор мүмкіндіктер туғызады, білім өрісін айтарлықтай кеңейтеді, сондай-ақ, өз еліне пайдалы, білікті маман болуға жағдай туғызады» – деді С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Бірлік» студенттік ассамблеясының төрағасы Рамиль Смаилов.

Іс-шара шеңберінде «Мың бала» республикалық конкурсының жеңімпазы, №24 мектеп оқушысы, Харчук Марина мемлекеттік тілде Астана қаласында майыстың қалай өткені туралы айтты және «Өз елім» әнін орындап берді. Сондай-ақ,  іс-шара шеңберінде «Стикс» мектебінің оқушылары Иванова Дарья «Жаса Қазақстаным» әнін, Ляхова Юлия «Алтын бесік» әнін орындады.

 

Айтпаев Мақсат

Смағұлова Назыгүл

 

 

Фото

3386

Фото

3387

Фото

3388

Фото

3389